Ақкөл ауданы селолық елді мекендеріне 2011 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсету және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 31 тамыздағы № С 42-2 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1-3-160 тіркелді

      2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету мөлшерлері мен ережесін бекіту туралы» қаулысының 2 тармағы, 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету мөлшерлері мен ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерту енгізу туралы» қаулысының негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақкөл ауданы селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына бір маманға жетпіс айлық есептік көрсеткішіне тең сомасында көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін және тұрғын үй сатып алуға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие берілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ю.Ужакин

      Ақкөл аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Ю.Ужакин

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақкөл ауданының әкімі                      А.С.Үйсімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады