Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындарын анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № С 45-8 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 қаңтарда № 1-3-168 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № С 48-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 01.07.2015 № С 48-9 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 28 қыркүйектегі № С 24-3 «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орнын анықтау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-3-27 тіркелген, 2005 жылғы 25 қарашада аудандық «Знамя Родины» газетінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Г.Сейітова

      Ақкөл аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Ю.Ужакин

Ақкөл аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 12 желтоқсандағы
№ С 45-8 шешіміне    
қосымша         

Ақкөл ауданының бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу үшін белгіленген орындар тізімі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 10.09.2014 № С 40/1 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Елді мекен атауы

Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орны

1

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы

Орталық алаң, Нұрмағамбетов к., 71

2

Ақкөл орман шаруашылығы

Селоның орталық алаңы

3

Ерназар селосы

Селоның орталық алаңы

4

Радовка селосы

Кітапхана ғимаратының жанындағы алаң

5

Наумовка селосы

Селоның орталық алаңы, Ы.Алтынсарин к., 28

6

Виноградовка селосы

Селоның орталық алаңы, Мектеп к., 5

7

Өрнек селосы

Селоның орталық алаңы, Мектеп к., 34

8

Домбыралы ауылы

Селоның орталық алаңы, Алаш к., 29

9

Кеңес селосы

Селоның орталық алаңы, Жеңіс к., 54

10

Малый Барап селосы

Селоның орталық алаңы, Қабанбай к., 26

11

Красный Горняк селосы

Селоның орталық алаңы, Достық к., 17

12

Азат ауылы

Селоның орталық алаңы, Алаш к., 4

13

Минское селосы

Селоның орталық алаңы, Ы. Алтынсарин к., 1-А

14

Қарасай ауылы

Селоның орталық алаңы, Мұхтар Әуезов к., 15

15

Қына ауылы

Селоның орталық алаңы, Тәуелсіздік к., 1

16

Еңбек ауылы

Мәдениет үйі алдындағы алаң, Бейбітшілік к.,25

17

Рамадан селосы

Селоның орталық алаңы, Бейбітшілік к., 18

18

Подлесное селосы

Селоның орталық алаңы, Лесная к., 25

19

Новорыбинка селосы

Селолық Мәдениет үйі алдындағы алаң, Стрельцов к., 12

20

Құрылыс селосы

Селоның орталық алаңы, Болашақ к., 1

21

Қараөзек селосы

Селолық клуб алдындағы алаң, Жасыл к., 22

22

Урюпинка селосы

Селоның орталық алаңы, Кенесары к., 66

23

Ерофеевка селосы

Селоның орталық алаңы, Мұхтар Әуезов к., 17

24

Малоалександровка селосы

Селолық клуб алдындағы алаң,Ы.Алтынсарин к., 10

25

Амангелді селосы

Селоның орталық алаңы, Ж.Бектұров к., 11

26

Талғара ауылы

Ауыл клубы алдындағы алаң, Ә.Молдағұлова к., 1

27

Жалғызқарағай ауылы

Ауылдың орталық алаңы, Кирдищев к., 14

28

Қайнар ауылы

Ауыл клубы алдындағы алаң, М.Мәметова к., 2

29

Тастыадыр ауылы

Ауылдың орталық алаңы, Ә.Молдағұлова к., 4

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады