Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № А-12/367 қаулысы. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 26 қаңтарда № 1-3-171 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 23.01.2013 № А-1/50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2-тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) 12 айдан артық жұмыс істемейтін тұлғалар;
      2) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
      3) бірде – бір жұмысшысы жоқ отбасылар;
      4) маусымдық жұмыс мерзімдердің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан адамдар.
      2. «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, қосымша нысаналы топтарға жататын адамдары жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау шараларын уақытында қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Р.М.Қанатоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А.Үйсімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады