2012 жылдың қаңтар-наурызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 7 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 желтоқсанда № 1-4-195 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережеге» сәйкес, Аршалы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылдың қаңтарда-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Аршалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Т. Ақшинеевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы ауданының әкімі                     Маржықпаев Е.

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысы Аршалы ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Р.С. Нұркеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады