Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 29.03.2013 № А-3/144 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 19 бабының 2, 5 тармақтарына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихатының 8 қарашадағы 2011 жылғы № 4С 39/3 «Атбасар қаласының аумағында жүзеге асырылатын автомобильмен тұракты тасымалдауға тарифті белгілеуге келісу туралы» шешімінің негізінде, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атбасар қаласындағы барлық маршруттарға, тұрақты автомобиль тасымалдарына үлкендерге 50 (елу), балаларға 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға – 25 (жиырма бес) теңге бірыңғай тариф белгіленсін.
2. «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шауашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан тарайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Л.И.Боброваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі Р.Әубәкіров