«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7 баптарына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылға арналған Астрахан ауданы аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (бір жылдан артық);
24 жасқа дейінгі жастар;
әлеуметтік-психологиялық оңалту курсын өткен есірткіге тәуелділер;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
3. Қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
4. Қаулы Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі Р.Әкімов
КЕЛІСІЛДІ
Астрахан ауданының «Жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Қ.Жұмақаев
Астрахан ауданының
«Экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ.Шонабаева