Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімі аппаратының 18.06.2013 № 03-20/761 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (1 жылдан астам);
жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
жұмыс істейтін адамы жоқ отбасылар;
маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған тұлғалар;
техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.С.Ізбасароваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е.Нұғыманов