Бұланды ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № А-11/287 қаулысы. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 23 желтоқсанда № 1-7-140. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № А-11/376 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 11.11.2014 № А-11/376 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Бұланды ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бұланды ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалар материалдық қамтамасыз етілсін.
      2. Мыналар белгіленсін:
      1) материалдық қамтамасыз ету тоқсанға жыл бойы алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде он сегіз жасқа толмаған әр мүгедек балаға, қажетті құжаттары берілген айдан бастап тағайындалады;
      2) толық мемлекеттік қамтамасыз етілген мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету тағайындалмайды;
      3) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету төлемін төлеу қаржыландыруға байланысты өткен тоқсанға жүргізіледі. Материалдық қамтамасыз етуді тоқтату жағдайы туындаған кезде (мүгедек бала 18 жасқа толса, мүгедек бала қайтыс болса, мүгедектігі алынса) төлем төлеу осындай жағдай туындаған айдан кейінгі айда тоқтатылады;
      3. "Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен бөлінген қаржыны уақытында игеруді қамтамасыз ету үшін шара қолдансын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.С.Ізбасароваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Бұланды ауданының әкімі

Е.Нұғыманов

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады