Ескерту. Қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының 10.06.2013 № 495 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережеге» сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1.2012 жылдың қаңтар-наурызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істер бойынша бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2.Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С.Ысқақоваға жүктелсін.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл ауданының әкімі Б.Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысы Астрахан
ауданының қорғаныс істері
бойынша бірлескен бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Кантемиров