Еңбекшілдер ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № А-6/182 қаулысы. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 шілдеде № 1-10-143 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № а-4/73 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 22.04.2016 № а-4/73 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6)–тармақшаларына сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбекшілдер ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Еңбекшілдер ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т.Хамитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады