Кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдардың түлектері және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 шілдедегі № А-7/191 қаулысы. Ақмола облысы Есіл ауданының Әділет басқарасында 2011 жылғы 16 тамызда № 1-11-138 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № А-7/284 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2012.07.09 № А-7/284 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде жалпы жұмыс орны санының бір пайызы көлемінде кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдардың түлектері және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.
      3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Ә.Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады