Есіл ауданы әкімдігінің 2011 жылдың 18 наурызындағы № А-3/64 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылуын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № А-7/210 қаулысы. Ақмола облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 қыркүйекте № 1-11-140 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, Есіл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
      1.Есіл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № а-3/64 «2011 жылдың сәуір - маусымында және қазан – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылуын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (Нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу Аймақтық тізілімінде 2011 жылдың 1 сәуірінде № 1-11-135 нөмірімен тіркелген, аудандық «Жаңа Есіл» газетінің 2011 жылы 29 сәуірдегі № 611 нөмірінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының бірінші қосымшасы осы қаулының бірінші қосымшасына сай жаңа басылымда мазмұндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.
      3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Ә.Смағұлов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Ақмола облысы Денсаулық
      сақтау басқармасы жанындағы
      «Есіл аудандық орталық ауруханасы»
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      міндетін атқарушы                          Қ.Қ.Әлмағамбетов

      «Қазақстан Республикасы Ішкі
      істер министрлігі Ақмола облысы
      Ішкі істер департаменті
      Есіл ауданы ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Қ.Х.Балтабаев

      «Ақмола облысы Есіл ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ж.Х.Меңбаев

Есіл ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 29 шілдедегі
№ а-7/210 қаулысына қосымша

Есіл ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 18 наурыздағы
№ а-3/64 қаулысына 1 қосымша

Аудандық әскери шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Меңбаев
Жанбота Хамитұлы

«Ақмола облысы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша)

Әбдрахманов
Дархан Ерназарұлы

«Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кадрлық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі бас маманы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Кәрімбаев
Темірхан Тұяқұлы

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысы Ішкі істер департаменті Есіл ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісімі бойынша)

Қойшыбаева
Жібек Қабдешқызы

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы
жанындағы «Есіл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт дәрігері, медициналық комиссия төрайымы (келісімі бойынша)

Өтеева
Дина Көпейқызы

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы
жанындағы «Есіл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ересек халық учаскелік медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады