Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында "Ақмола облысы Есіл ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 10 шешімі. Ақмола облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 23 желтоқсанда № 1-11-144 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабына, «Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы ережелеріне сәйкес, Есіл ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында «Ақмола облысы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Есіл ауданы әкімінің осы шешімнің орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К. Ағымбаеваға жүктелсін.
      3. Есіл ауданы әкімінің осы шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                       К.Рахметов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      «Ақмола облысы Есіл
      ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Меңбаев Жанбота
                                                 Хамитұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады