Жақсы ауданының елді мекендерінде аумақтарды абаттандыру, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 17 маусымдағы № С-34-4 шешімі. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 шілдеде № 1-13-137 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 31 мамырдағы № 5ВС-5-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2012.05.31 № 5ВС-5-2 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 бөліміне, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жақсы ауданының елді мекендерінде аумақтарды абаттандыру, жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық мәслихатының
      кезекті отыз төртінші
      сессиясының төрағасы                       Ғ.Бралин

      Жақсы аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б.Жанәділов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Жақсы ауданының әкімі                      И.Қабдуғалиев

Жақсы аудандық мәслихатының
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ С-34-4 шешімімен бекітілген

Жақсы ауданының елді мекендерінде аумақтарды
абаттандыру, жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жақсы ауданының елді мекендерінде аумақтарды абаттандыру, жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау Ережесі (бұдан әрi – Ереже) «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексiне, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Кодексiне, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрленген.
      2. Ереже Жақсы ауданының елді мекендерінде аумақтарды абаттандыру, жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау тәртібін белгілейді және меншiк түрiне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.

2. Осы Ережедегi қолданылатын негiзгi ұғымдар

      3. Осы Ережеде келесі негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) абаттандыру–елдi мекендердiң аумақтарында адамның қолайлы, таза мен жайлы өмiр сүруiн қамтамасыз етуге бағытталған элементтер мен жұмыстардың кешенi;
      2) жасыл желектер–санитарлық-гигиеналық және экологиялық жағдайын қамтамасыз етiп, көрiктендiру мен сәулет-ландшафтық әсемдеу деңгейiн көтеруге әсер ететiн, өсiмдiк текті объектiлер (ағаштар, бұталар, көгалдар, гүлзарлар);
      3) бөлiнген аумақ–алаңы, шекарасы, орналасқан жерi, құқықтық мәртебесi және басқа да сипаттамалары қала құрылысы құжаттарында және мемлекеттiк жер кадастрында көрсетiлген, заңнамамен қарастырылған құқығында жеке және заңды тұлғаларға берiлген аумақтың бөлiгi.

3. Аумақтарды ұстауға қойылатын талаптар

      4. Меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, дүкендер, сауда үйлерi мен павильондардың иелерi мен жалгерлерi:
      1) бөлінген аумақтарын тазартуды, сонымен қатар, тұрмыстық қоқысты өзiнiң күшiмен немесе келiсiм-шарттың негізінде басқа кәсiпорындармен шығаруды;
      2) өзiнiң аумағындағы жер үстiндегi және астындағы суларды ағызуға арналған су ағызатын арықтарды, өткелдерді, құбырларды, дренаждарды жинау мен тазартуды;
      3) ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін, қоршауларды, кiру есiктерiн, балкондар мен лоджиялардың экрандарын, су ағатын құбырларын, шағын сәулет нысандарын жөндеу және бояу жұмыстарын уақытылы жүргiзуді, әкiмшiлiк және өндiрiстiк ғимараттардың әйнектерiн және көрмелерін жууды, көгалдар мен жасыл желектерді күтуді, уақытылы арам шөптердi жұлуды;
      4) белгiленген тәртiпке сәйкес құжаттарды ресiмдеуден кейін ғана, жер астындағы ғимараттарын салу, қайта құру және жөндеу, құрылыста
нөлдiк топтама жасау кезінде жерді ойып алумен байланысты жұмыстарды өндіруді;
      5) санитарлы-эпидемиологиялық iс шараларды сақтауды қамтамасыз етеді.
      5. Тұрғын кварталдар аумақтарында, және жеке иеліктегі үйлерге іргелес аумақтарда келесi тәртiпті ұстану қажет:
      1) өткелдердің, тротуарлардың, жаяу жүретін жолдардың, квартал iшiлiк өтпелер мен жолдардың төсемін түзу жайында ұстау;
      2) әр түрлі шаруашылық және қосалқы құрылыстардың рұқсатсыз салынуын болғызбау;
      3) құрылыстық материалдарды, ауылшаруашылық жануарларға арналған қатты жем-шөпті, қатты отынды, күлді қаттап тастауды болдырмау;
      4) шағын сәулет нысандарын, спорттық, ойын, балаларға арналған және шаруашылық алаңдарды, қоршау мен шағын қоршауларды түзу жайында ұстау, олардың таза сыртқы түрiн сақтау.
      6. Көгалдарға, балалар алаңдарына, жаяу жүретін жолдарға, сонымен қатар жасыл желектердің орындарына қызметтiк және жеке автокөлiктердің тұруын болдырылмау.
      7. Базар аумағын уақытылы жинау мен абаттандыру базар әкімшілігі қамтамасыз етеді.

4. Сыртқы абаттандыру элементтерiн ұстау

      8. Қоршауларды құруға және көгалдардың қоршауларын, сауда палаткаларын, павильондарды орнатуға, жобалар мен оларды орнату орындары келiсілген кезінде бекітілген тәртiпке сәйкес рұқсат етіледі.
      9. Құрылыс алаңдары және құрылыстарды бұзу орындары жұмыс мерзiмi аяқталғанға дейiн периметр бойы қоршалады. Көлiк шығарда көшелердi ластамау үшiн жоғарыда аталған нысандардың кiреберiстері абаттандырылады.
      10. Дүкендердiң, сауда орындардың жанында олардың иелерi урналарды орнатады.
      Урналар сауда орындардың иелерімен дұрыс ретте ұсталады, қоқыстың жиналуына орай тазартылады және жұмасына бiр реттен кем емес жуылып, зарарсыздандырылады.
      11. Ұйым басшылары инженерлiк желiлер қарауында болғанда, канализацияның, су құбырының және басқа да ұңғымалардың қақпақтары түзулікте сақталуын жүйелі түрде қадағалайды.
      12. Қатты отынмен жұмыс iстейтiн қазандық иелерi жер учаскесiнен шлактың шығарылуын және үнемi тазартылуын қамтамасыз етеді, өртке қарсы қауіпсіздігі нормаларының сақталуымен отынды қаттап тастауды осыған бөлінген орындарға қамтамасыз етеді.

5. Жасыл желектердi күтiп ұстау және қорғау

      13. Жасыл желектердiң ағымдағы ұстауы, сақтауы және ұдайы өндірілуі аумағы бөлінген иелерiне, жер пайдаланушыларға, заңды және жеке тұлғаларға жүктеледi.
      14. Жер асты коммуникация мен инженерлiк желiлерді салғанда, төсегенде жасыл желектердi қазып алу немесе қайта отырғызу, тиісті органның жасыл желектерді кесіп тастауға немесе тамырымен қопарып тастауға рұқсаты болған кезде жүргізіледі.
      15. Жұмыс жасау кезiнде:
      1) жасыл желектердi зақымданудан қоршау;
      2) жолдарды, тротуарларды, өтпе жолдарды, алаңдарды төсеу мен асфальттау кезiнде, ағаштың діңі бойында, 1 метр диаметрiнде шұңқыр қалдыру қажет.
      16. Заңды және жеке тұлғалар бөлінген аумақта жасыл желектердiң сақталуын қамтамасыз етеді, ол үшiн агротехникалық iс-шаралардың толық кешенін өткiзеді, дәлiрек:
      1) қоқыстарды тазалау, көгалдарды тырмамен тазалау, құрғақ жапырақтарды жинау, арамшөптердi отау, көгалдарды шабу, бұталарды қырқу;
      2) ағаштың діңі бойында шұңқыр құрумен топырақты қопсыту, ағаштарды ақтау;
      3) жасыл желектердi, көгалдарды, гүлдердi суару;
      4) ағаш басын жабу, құрғақ, сынған бұтақтарды қию;
      5) ағаштарды, бұталарды жасарту;
      6) ауру және құрғақ ағаштарды жою;
      7) жасыл қордың ағаштары мен бұталарын жөндеп отырғызу;
      8) ауылшаруашылық зиянкестер мен аурулармен, карантинді арамшөптермен күрестi өз күшiмен немесе келiсiм бойынша мамандандырылған ұйымдармен жүйелi түрде жүргiзу.
      17. Меншiк түрiне қарамастан заңды және жеке тұлғалар жасыл желектер аумағында:
      1) құрылыс заттарын, жердi, отынды, көмiрді және тағы басқа заттарды қоюға;
      2) көгалдарды, гүлзарларды, ағаштың діңі бойында шұңқырларды ластау;
      3) көгалдармен жүру, ағаштарды, бұталарды сындыру, кесу, басқа да механикалық зақым келтiруге;
      4) рұқсатсыз ағаштар мен бұталарды кесуді жүргізу;
      5) қоршау жасауға, гүлдердi жұлуға және көпжылғы гүлдердiң түйiндерi мен пияздықтарын қазып алуға;
      6) ағаштарға сымды, тiкенді сымды, әткеншектi, жiптердi, жарнама мен тақтайшаларды iлуге;
      7) көгалдар мен гүлзарларда цементтi ерiтiндi немесе бетон дайындауға;
      8) бақшалар мен бақтардың аумақтарында жапырақтарды өртеуге болғызбауға алдын ала шара қабылдайды.

6. Заңды және жеке тұлғалардың Ереженi
бұзғандығы үшін жауапкершiлiгі

      18. Осы Ереженi бұзғаны үшiн жеке және заңды тұлғалар «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес жауапқа тартылады.
      19. Әкiмшiлiк жауапқа тарту шаралары, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес бұзушыларды олармен келтiрiлген материалдық шығынды өтеуден және жіберілген бұзушылықтарды жою міндеттерінен босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады