Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үйлерге төленетін жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 89 қаулысы. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 31 наурызда № 1-14-158 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 509 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2011.11.07 № 509 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік жалға алынған үйлерде өндіріліп алынған жалдау ақысы төлемін есептеу әдістемесінің негізінде, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеренді ауданының жалға алынған мемлекеттік тұрғын үйлердегі
төленетін жалдау ақы мөлшерінің көлемі 1 шаршы метрге жалға алу төлемінің есебінен қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
М.С.Кұлманбетовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Сағдиев

Зеренді ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 89 қаулысына қосымша

Мемлекеттік жалға алынған тұрғын үйлердегі 1 шаршы метрге
өндіріліп алынатын жалдау ақысының мөлшері

      Мемлекеттік жалға алынған үйлерге алынатын жалдау ақысын есептеу кезінде келесі көрсеткіштер қолданылады:
      А-мемлекеттік жалға алу үйлері үшін алынатын жалдау төлемі, айына 1 шаршы метр үшін, теңге;
      Ц-тұрғын үйдің жалпы көлемінің мемлекеттік қабылдау актісіне сәйкес құрылыстың (сатып алудың) құны;
      Т-ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
      Р-пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сол сияқты жер учаскесін күтуіне Р=ГЗ/12/Sп формуласы бойынша анықталатын қажетті көлемнің сомасы, айына 1 шаршы метр үшін теңге;
      Гз жер теліміне жергілікті атқарушы органмен (мемлекеттік кәсіпорынмен) тартылған немесе құрылған тұрғын үй-пайдалану қызметінің шығынының жылдық сметасы, пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сол сияқты жер учаскесінің күтіміне қажетті көлемінің жылдық сомасы, жылына теңге;
      Sп-тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы, шаршы метр.
      Мемлекеттік жалға алу үйлерінде алынатын айына 1 шаршы метрге жалдау ақысы келесі формула бойынша есептеледі: А= Ц/Т/12+Р.
      Мысалы, Ц-65000 теңге, Т-125 жыл, Р-10 теңге болған кезінде жалдау ақы айына 1 шаршы метрге А= 65000/125/12+10=53,3 теңге құрайды.
      Жалпы көлемі 40 шаршы метр 1 пәтердің жалдау ақысының төлемі айына 53,3 Ч 40=2132 теңгені құрайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады