Зеренді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 наурыздағы № 100 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 524 қаулысы. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 24 қарашада № 1-14-167 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 651 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 30.12.2011 № 651 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеренді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 наурыздағы № 100 «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-156 тіркелген, 2011 жылдың 1 сәуірінде «Зеренді» аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмінiң орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Зеренді ауданының әкiмі                    Е.Сағдиев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрлігі
      Ақмола облысының ішкі
      істер департаменті Зеренді
      аудандық ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Әленов Б.Т.

      «Ақмола облысы Зеренді ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Бражанов Т.Ә.

      Ақмола облысының денсаулық сақтау
      Басқармасы жанындағы «Зеренді
      орталық аудандық ауруханасы»
      шаруашылық жүргізу құқығындағы
      мемлекеттік коммуналдық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  Жанғалов Б.Б.

Зеренді ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 26 қарашадағы
№ 524 қаулысына қосымша

Зеренді ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 17 наурыздағы
№ 100 қаулысына 1 қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

Бражанов Тұрар Әлимжанұлы

«Ақмола облысы Зеренді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы

Таласбаева Әлия Аманжолқызы

Зеренді ауданы әкімінің
орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Хасенов Амантай Шәкірұлы

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Зеренді аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары

Носачев Владимир Федорович

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Зеренді орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының дермато-венеролог дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы

Куликова Валентина Викторовна

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Зеренді орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медбикесі,
комиссия хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады