Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 10.04.2013 № 665 хатымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2, 5-5 және 5-6 тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуіріндегі Заңының 31 бабының 1 тармағына, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қорғалжын ауданында мүгедектер үшін, жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітірген кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі пайыз көлемінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қорғалжын ауданының әкімі С.Қасенов