Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 29/3 шешімі. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 5 желтоқсанда № 1-16-138 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 маусымдағы № 80 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 10.06.2013 №  80 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Стандартының 11 тармағына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне:
      Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдық мерекесіне орай он мың теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде коммуналдық қызмет шығынына ай сайынғы облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен төлеу;
      2) концлагерлердің тұтқындарына:
      Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдық мерекесіне орай үш мың теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде коммуналдық қызмет шығынына ай сайынғы облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен төлеу;
      3) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдық мерекесіне орай, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне), жалпы ауруға шалдығудан мүгедек деп танылып қайтыс болған соғысқа қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының тұлғаларына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде), 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған тұлғаларға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда 1941 жылдың 22 маусымынан алты айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткендерге) тұлғаларға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдық мерекесіне орай, жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан Ауғаныстанға жіберілген әскери міндеттілерге бір мың теңге мөлшерінде;
      4) Ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге Халықаралық қарттар күніне орай екі мың теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      5) саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды Еске алу күніне орай бір мың теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      6) 1, 2, 3 топтағы мүгедектері Мүгедектер күніне орай бір мың теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға Жаңа жылға бір жолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде емделуге және дәрі-дәрмектерді сатып алуға есептік шоттарына аудару арқылы бір жолғы материалдық көмек;
      7) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, мүгедек-балаларға, онкологиялық ауруымен ауыратындарға, туберкулезбен ауруымен ауыратындарға сонымен қатар (2 адамнан көп емес) жүріп-тұру қиындығы кезінде ілесіп жүрушілерге Ақмола облысы бойынша емделу мекемелеріне жол жүруге 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептік шоттарына аудару арқылы;
      8) белгілі бір жағдайларға байланысты шұғыл әлеуметтік қолдау қажет ететін отбасыларға (азаматтарға) өтініш бойынша:
      табиғаттық және техногендік сипаттағы стихиялық апаттарға байланысты 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептік шоттарына аудару арқылы;
      медициналық операция өткізуімен байланысты 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептік шоттарына аудару арқылы;
      9) онкологиялық ауруымен ауыратын ауруларға операциялық емдеуден кейінгі кезеңде бір жолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептік шоттарына аудару арқылы;
      10) ұзақ мерзімді емделуде жатқан туберкулезбен ауыратындарға ай сайын 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептік шоттарына аудару арқылы;
      11) аз қамтылған азаматтарға негізгі тағам өнімдерінің қымбаттауына байланысты ай сайын 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептік шоттарына аудару арқылы;
      12) колледждерде күндізгі бөлімдерде оқитын ауылдық елді мекемелердегі аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге есептік шоттарына аудару арқылы.
      2. Әлеуметтік көмек төлеу және тағайындау үшін қажетті құжаттардың толық тізбесін анықтау:
      1) 1 тармақтың 1, 2, 3, 4, 5 тармақшаларындағы, 1 тармақтың 6 тармақшасының 1 абзацындағы көрсетілген санаттар үшін, «Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Сандықтау аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімінде атын, тегін және әкесінің атын, туған жылын, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсетілуімен;
      2) 1 тармақтың 6 тармақшасының 2 абзацтағы көрсетілген санаттар үшін, осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы, есеп шотының көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың немесе 16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәлігінің көшірмелері, мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі, азаматтардың тіркелу орнын растайтын құжаттың көшірмесі, дәрі-дәрмектерді сатып алуға мұқтаждық туралы медициналық мекеменің құжатының көшірмесі немесе емделуге медициналық мекеменің жолдамасының көшірмесі;
      3) 1 тармақтың 7 тармақшасындағы көрсетілген санаттар үшін, осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы, есеп шотының көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың немесе 16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәлігінің көшірмелері, мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі, азаматтардың тіркелу орнын растайтын құжаттың көшірмесі, емделуге медициналық мекеменің жолдамасының көшірмесі;
      4) 1 тармақтың 8 тармақшасының 1, 2 абзацындағы көрсетілген санаттар үшін, осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы, есеп шотының көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, азаматтардың тіркелу орнын растайтын құжаттың көшірмесі, табиғат апатының фактілерін растайтын құжаттың көшірмесі немесе медициналық мекеменің операция өткізуге арналған жолдамасының көшірмесі;
      5) 1 тармақтың 9 тармақшасындағы көрсетілген санаттар үшін, осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы, есеп шотының көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, азаматтардың тіркелу орнын растайтын құжаттың көшірмесі, ауыру тарихынан үзінді, операция өткізілгенін растайтын факті, немесе мүгедектік туралы анықтама;
      6) 1 тармақтың 10 тармақшасындағы көрсетілген санаттар үшін, медициналық мекемемен ұсынылған тізім, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, есеп шотының көшірмесі, азаматтардың тіркелу орнын растайтын құжаттың көшірмесі;
      7) 1 тармақтың 11 тармақшасындағы көрсетілген санаттар үшін, «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде құрылған тізімінде атын, тегін және әкесінің атын, салық төлеушінің тіркеу нөмірін, есеп шотының нөмірін көрсетілуімен;
      8) 1 тармақтың 12 тармақшасындағы көрсетілген санаттар үшін, осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы, есеп шотының көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, азаматтардың тіркелу орнын растайтын құжаттың көшірмесі, оқу орнын растайтын анықтамасы, оқу келісім шартының көшірмесі, «Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Сандықтау аудандық бөлімшесімен берілген көп балалы отбасы мәртебесін растайтын анықтама немесе «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен берілген аз қамтылған отбасы мәртебесін растайтын анықтама.
      Құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі, өтініш берілген күні түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық маслихат
      сессиясының төрайымы                       Г.Лотц

      Аудандық мәслихатының
      хатшысы                                    Ш.Сабержанов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Сандықтау ауданының әкімі                  Қ.Сүйіндіков

      «Сандықтау ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    С.Назарович

      «Сандықтау ауданының экономика
      және қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Н.Мурашиди

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады