Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшерін ұлғайту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 298/46-4 шешімі. Ақмола облысы Целинроград ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 19 қаңтарда № 1-17-161 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 128/16-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 26.06.2017 № 128/16-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Целиноград ауданында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшері 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      2. Ақмол ауылы автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалары қолданылатын Целиноград ауданының жақын жатқан елді мекені болып белгіленсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Д.Қамзебаев
      Целиноград аудандық
мәслихатының
хатшысы
Б.Мәжіренов

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің Ақмола облысы
бойынша Салық Комитетінің
Целиноград ауданы бойынша
Салық Департаментінің
Салық Басқармасы" мемлекеттік
мекемесі бастығының
міндетін атқарушы
С.Мырзабаев

  Целиноград аудандық мәслихатының
2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 298/46-4
шешіміне 1 қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Санаттар

1.

Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

2.

Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

2 санат

  Целиноград аудандық мәслихатының
2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 298/46-4
шешіміне 2 қосымша

Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшері

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшері

Базалық ставканың ұлғаюы

1.

1 санат

0,48

он есе

2.

2 санат

0,48

он есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады