Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 30.01.2018 № 180/25-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 381-бабына, 386-бабының 3-тармағына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград ауданында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
2. Ақмол ауылы салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын Целиноград ауданының жақын жатқан елді мекені болып айқындалсын.
3. "Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшерін ұлғайту туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 298/46-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-161 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 ақпанда "Призыв", "Ұран" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің, "Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 қарашадағы № 331/47-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5115 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 желтоқсанда "Вести Акмола", "Ақмол ақпараты" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне қосымшаның 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихаты сессиясының төрайымы |
С.Матайбаева |
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Целиноград ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
А.Жантеміров |
2017 ж. 26.06.
Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 128/16-6 шешіміне 1-қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері | Санаттар |
1. | Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 1-санат |
2. | Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 2-санат |
Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 128/16-6 шешіміне 2-қосымша |
Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері | Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы |
1. | 1-санат | 0,48 | он есе |
2. | 2-санат | 0,48 | он есе |