Шортанды ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № А-1/57 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № А-2/220 қаулысы. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 қазанда № 1-18-141 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы № А-9/241 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 23.10.2014 № А-9/241 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шортанды ауданы әкімдігінің «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2011 жылғы 18 наурыздағы № А-1/57 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-18-130 тіркелген, 2011 жылғы 9 сәуірде аудандық «Өрлеу», «Вести» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      Шортанды ауданы әкімдігінің көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Атабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды ауданының
      әкімі                                      С. Қамзебаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысы Шортанды ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Е. Бегімқұлов

      «Ақмола облысы ішкі істер Департаментінің
      Шортанды аудандық ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Қ. Бабжанов

      Ақмола облысы денсаулық сақтау
      басқармасының жанындағы
      «Шортанды орталық аудандық
      ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық
      қазынашылық кәсіпорнының бас дәрігері     А. Шәріпова

Ақмола облысы Шортанды
ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 5 қыркүйектегі
№ А-2/220 қаулысына қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Бегімқұлов
Ерсайын Елемесұлы

майор, «Ақмола облысы Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, аудандық шақыру комиссиясының төрағасы

Атабаев
Марат Алтайбекұлы

Шортанды ауданы әкімінің орынбасары, аудандық шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары

Шақыру комиссиясының мүшелері:

Әшімов
Шыңғыс Бауыржанұлы

полиция капитаны, «Ақмола облысының ішкі істер Департаментінің Шортанды ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары

Иманбаева
Райхан Болатқызы

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Шортанды орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының дәрігер-терапевті, медициналық комиссияның төрайымы

Машанло
Кристина Сергеевна

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Шортанды орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының емханасының медициналық бикесі, аудандық шақыру комиссиясының хатшысы;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады