2012 жылдың қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 6 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 желтоқсанда № 1-18-145 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы, 1 тармағының 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережесіне сәйкес, азаматтарды есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығының дәрежесін анықтау, мақсатында, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылдың қаңтар–наурызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары М.А.Атабаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды ауданы
      әкімінің міндетін атқарушы                 Қ.Рыскелдинов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Акмола облысы Шортанды
      ауданының корғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Е.Бегімқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады