Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үйлерге төленетін жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі № а-3/178 қаулысы. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылдың 13 мамырында № 1-19-200 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № А-11/466 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2011.11.09 № А-11/466 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуір «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген жалға берілетін мемлекеттік үйлерден алынатын жалдау ақысын есептеу әдістемесінің негізінде, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бурабай ауданының жалға алынған мемлекеттік тұрғын үйлердегі төленетін жалдау ақы мөлшерінің көлемі 1 шаршы метрге жалға алу төлемінің есебінен қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.С.Каменовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Бурабай ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев

Бурабай ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 15 сәуірдегі
№ а-3/178 қаулысына қосымша

Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үйлердегі
шаршы метрге төленетін жалдау ақысының мөлшері

      Жалға алынған мемлекеттік үйлерге алынатын жалдау ақысын есептеу кезінде келесі көрсеткіштер қолданылады:
      А-мемлекеттік жалға алу үйлері үшін алынатын жалдау төлемі, айына 1 шаршы метр үшін, теңге;
      Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің мемлекеттік қабылдау актісіне сәйкес ауданының бір шаршы метрі құрылысының (сатып алудың) құны;
      Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
      Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөндеуіне, сол сияқты жер учаскесін күтуіне:
      Р= Гз /12/ Sп формуласы бойынша анықталатын қажетті көлемінің сомасы, айына 1 шаршы метр үшін теңге;
      Гз -жер теліміне жергілікті атқарушы органмен (мемлекеттік кәсіпорынмен) тартылған немесе құрылған тұрғын үй-пайдалану қызметінің шығынының жылдық сметасы, пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сол сияқты жер учаскесінің күтіміне қажетті көлемінің жылдық сомасы, жылына теңге;
      Sп - тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы, шаршы метр;
      Мемлекеттік жалға алу үйлерінде алынатын айына 1 шаршы метрге жалдау ақысы келесі формула бойынша есептеледі:
      А = Ц/Т/12 + Р
      Мысалы, Ц-56 515 теңге, Т=125 жыл, Р=25,32 теңге болған кезінде жалдау ақы айына 1 шаршы метрге: А = 56515/ 125/12 + 25,32 = 62,9 теңге құрайды.
      Жалпы көлемі 40 шаршы метр 1 пәтердің жалдау ақысының төлемі айына
      62,9* 40=2516 теңгені құрайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады