Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 26.08.2011 № А-9/380 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 329 қорытындысының негізінде, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бурабай ауданы бойынша 2011 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының күші 2011 жылғы 20 сәуірде туындаған құқықтық қатынасқа таралады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.С.Каменовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі В.Балахонцев
Бурабай ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 4 шілдедегі
№ А-7/295 қаулысына қосымша
Бурабай ауданы бойынша 2011 жылға арналған субсидия
алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері
және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының
әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдері
№ |
Субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының атауы |
Ауыл шаруашылық дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері |
Субсидия алушылар |
Дәнді дақылдар |
|||
1 |
Орташа кеш жаздық бидай |
10 мамырдан 26 мамырға дейін |
15 маусымға дейін |
2 |
Орташа піскен жаздық бидай |
12 мамырдан 28 мамырға дейін |
15 маусымға дейін |
3 |
Орташа ерте жаздық бидай |
15 мамырдан 31 мамырға дейін |
15 маусымға дейін |
4 |
Сұлы |
5 маусымға дейін |
15 маусымға дейін |
6 |
Жаздық арпа |
5 маусымға дейін |
15 маусымға дейін |
7 |
Қарақұмық |
25 мамырдан 4 маусымға дейін |
15 маусымға дейін |
Дәнді бұршақты дақылдар |
|||
8 |
Аңқа |
8 мамырдан 15 мамырға дейін |
15 маусымға дейін |
9 |
Бұршақ |
10 мамырдан 25 мамырға дейін |
15 маусымға дейін |
Майлы дақылдар |
|||
10 |
Күнбағыс май тұқымдарына |
8 мамырдан 18 мамырға дейін |
15 маусымға дейін |
11 |
Рапс |
15 мамырдан 25 мамырға дейін |
15 маусымға дейін |
12 |
Майлы зығыр |
18 мамырдан 25 мамырға дейін |
15 маусымға дейін |
13 |
Қыша |
15 мамырдан 25 мамырға дейін |
15 маусымға дейін |
Азықтық дақылдар |
|||
14 |
Көпжылдық дәнді және бұршақ шөптер |
20 сәуірден 30 сәуірге дейін |
15 маусымға дейін |
15 |
Бір жылдық шөптер |
10 маусымға дейін |
15 маусымға дейін |
16 |
Тұқымдық бір жылдық шөптер |
17 мамырдан 25 мамырға дейін |
15 маусымға дейін |
17 |
Сүрлемдік жүгері |
17 мамырдан 25 мамырға дейін |
15 маусымға дейін |