Щучинск қаласы және Бурабай ауданының елді мекендері аумағын абаттандыру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 7 шілдедегі № С-33/20 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 тамызда № 1-19-206 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 5С-7/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2012.06.21 № 5С-7/6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 3 бабының 2 бөлiмiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес Бурабай аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Қоса берiлiп отырған Щучинск қаласы және Бурабай ауданының елді мекендері аумағын абаттандыру Ережесі бекiтiлсiн.
      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың
      XXХIII сессиясының
      төрағасы                                   П.Проскурин

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Г.Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев

Бурабай аудандық мәслихатының
2011 жылғы 7 шілдедегі
№ С-33/20 шешiмiмен бекiтiлдi

Щучинск қаласы және Бурабай ауданының
елді мекендері аумағын абаттандыру
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Щучинск қаласы және Бурабай ауданының елді мекендері аумағын абаттандыру Ережесі (бұдан әрi - Ереже) Щучинск қаласы және Бурабай ауданының елді мекендерін абаттандыру, санитарлық ұстау, аумағын таза ұстау және тазалық ұйымдастыру, инфрақұрылым объектiлерiн ұстау және қорғау тәртiбiн белгiлейдi және меншiк түрiне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларды қамтиды.
      Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiне, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Заңына сәйкес әзiрлендi.

2. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi
ұғымдар мен түсiнiктер

      2. Көркейту – адамның қолайлы, жайлы және қауiпсiз өмiр сүру ортасын қамтамасыз ететiн элементтер мен жұмыстардың кешенi. Бұл жұмыс кешенi аумақты тазалау, көркейту объектiлерi мен элементтерiн күтiп ұстау, пайдалану, жөндеу және қорғау жұмыстарын келесi негiзгi бағыттар бойынша ұйымдастыруды қарастырады: инженерлiк көркейту, үй маңындағы аумақты көрiктендiру, жерде жұмыс жасау, көгалдандыру, дыбыстық және шулы режимi.
      3. Тазалаудың тапсырыстық жүйесi – жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары бойынша қалдықтарды жинау және жою.
      4. Бекiтiлген аумақ – заңды және жеке тұлғаға бөлiнген аумаққа тiкелей түйiсетiн, оны күту, санитарлық ұстау, тазалау, қызмет көрсету үшiн бекiтiлген жер учаскесi.
      5. Тұрмыстық қатты қалдықтар – арнайы қоқыс тасушы автокөлiктерге тиелетiн стандарттық сыйымдылықтағы типтiк контейнерлерге салуға жарайтын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда (пәтерлердi ағымдағы жөндеуден шыққан қалдықтарды қоса есептегенде) пайда болатын тұтынудың тұрмыстық қалдықтары, пеш күлi, сыпырынды, түскен жапырақ, үйде тұтынатын заттар және бөлшектелген қатырғы қораптар.
      6. Тұрмыстық сұйық қалдықтар – халықтың тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болған сұйық түрдегi қалдықтары (орталықтандырылмаған канализацияның фекалды қалдықтары).
      7. Iрi көлемдi қоқыстар - өздерiнiң тұтынушылық қасиеттерiн жоғалтқан, стандартты қалыптағы контейнерлерге сыймайтын, өздерiнiң көлемдiк-салмақтық сипаттарына сай арнайы қоқыс жинаушы машиналармен тасуға жарамайтын тұтынудың және шаруашылық қызметтiң қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз, жылытатын және санитарлық-техникалық приборлар және тағы басқалар).
      8. Инженерлiк желiлер және қондырғылар – қала тұрғындары мен кәсiпорындарды жылумен, сумен, электр энергиясымен қамтамасыз ететiн, сондай-ақ ағын суларды жинап, басқа жаққа ағызуға арналған қаланы инженерлiк көркейтудiң техникалық элементтерi.
      9. Шағын сәулеттiк нысандар – сәндiк сипаттағы және күнделiктi қолданымдағы объектiлер, (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, клумбалар мен гүл вазалары, павильондар, күркелер, отырғыштар, урналар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған қондырғылар мен конструкциялар, сәндiк хауыздар, көркемдеп жасалған қоршаулар, аркалар, флагштоктар, дүңгiршектер, телефон автоматтары, көшелер мен үйлердiң тақталары, сыртқы көрнекi жарнаманың тұрақты объектiлерi, билбордтар, қалқандар, стеллалар, электронды экрандар, витриналар, транспаранттар).
      10. Автотұрақ – жобалық-сметалық құжаттама негiзiнде ұйымдастырылып, автомобиль көлiгiн орналастыруға арналған аумақ.
      11. Уақытша объект – арнайы бөлiнген орындарда орналастырылған (рыноктар мен тұрақты орындардан өзге), санитарлық-гигиеналық жағдайлардың қажеттi деңгейде қамтамасыз етiлген уақытша сауда объектiсi және тағы басқа уақытша объектiлер. Маусымдық бөлшек сауда объектiлерi, қоғамдық тамақтану объектiлерiнiң ашық (жазғы) алаңшалары, жәрмеңкелiк сауда объектiлерi, көшпелi сауда кешендерi (автодүкендер), киiз үйлер, шатырлар, сауда автоматтары, жайма сөрелер, металл дүңгiршектер, будкалар, әжетханалар, құрылыстағы тұрмыстық (күзетшi үйшiгi) және басқа да объектiлер.
      12. Жасыл өсiмдiктер – қаланың жобалық шешiмiндегi санитарлық-гигиеналық және экологиялық жағдайын қамтамасыз етiп, көрiктендiру мен сәулет-ландшафтық әсемдеу деңгейiн көтеруге әсер ететiн, өсiмдiк тектi объектiлер (ағаштар, бұталар, көгал алаңдар, гүлзарлар).
      13. Бөлiнген аумақ – алаңы, шекарасы, орналасқан жерi, құқықтық мәртебесi және басқа да сипаттамалары қала құрылысы құжаттарында және мемлекеттiк жер кадастрында көрсетiлген, заңнамамен қарастырылған құқығында жеке және заңды тұлғаларға берiлген қала немесе ауданның елді мекен аумағының бөлiгi.
      14. Құрылыс салушы – жаңа құрылысқа, қайта өңдеуге, жөндеуге, сондай-ақ, ғимаратты, құрылысты бұзуға, үйлердi қиратуға тапсырыс берушi.
      15. Iргелес аумақ – жеке және заңды тұлғалардың меншiгiндегi, иелiгiндегi және жалға алынған ғимараттың, құрылғының, құрылыс алаңы қоршауының, сауда мен жарнама объектiлерiнiң шекараларына тiкелей түйiсетiн аумақ.
      16. Өтпе жол – автомобиль көлiктерiнiң шағын аудан, орамдар iшiндегi тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсiпорындарға басқа да қалалық құрылыс объектiлерiне келiп жетуiн қамтамасыз ететiн жол бөлiгi.
      17. Үй иеленушi – жеке меншiгiнде не басқалай заңды негiзде тұрғын (жеке, көп пәтерлi) үйi және тұрғын емес (әкiмшiлiк, сауда, өндiрiстiк, мәдени-тұрмыстық және басқа мақсаттағы) ғимараттар немесе солардың бiр бөлiгi (бiрiгiп иелену) бар заңды және жеке тұлғалар.
      18. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы уәкiлеттi органы - тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлiмi - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және аудан инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттiлiгiн Бурабай ауданының әкiмдiгi белгiлеген мемлекеттiк мекеме.
      19. Басқа уәкiлеттi органдар – Бурабай ауданының әкiмi мен әкiмдiгiне қарасты мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк басқару органдары, сондай-ақ мемлекеттiк басқару орталық атқару органдарының аумақтық құрылымдары.

3. Аумақты жинау мен санитарлық ұстау тәртiбi

      20. Барлық заңды және жеке тұлғалар меншiк түрлерiне, ведомстволық қатыстылығына қарамастан тұрғын үй, әкiмшiлiк, өндiрiстiк, сауда ғимараттар мен қондырғыларды, сондай-ақ бөлiнген, бекiтiлген және iргелес жатқан аумақтарды, жүйелi түрде (қолмен және механикалық) тазалау жұмыстарын жүргiзедi.
      Қоқысты, ал қысқы мезгiлде қарды арнайы белгiленген орынға уақтылы тасып шығару үшiн барлық қажеттi шараларды қолданылады.
      21. Жалпыға бiрдей қолданылатын аумақтар жеке және заңды тұлғаларға iргелес емес және бекiтiлiп келiсiм-шартқа сәйкес берiлмеген, аудандық бюджет қаражаты есебiнен мамандандырылған кәсiпорындар жинап, тазалайды.
      22. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасып-жоюды мамандандырылған кәсiпорын жоспарлы-тұрақты жүйе бойынша аталған кәсiпорындармен және заңды және жеке тұлғалармен жасалған келiсiм-шарт негiзiнде жиналған нормаға сәйкес жүзеге асырылады, егер олар тұрмыстық қатты қалдықтарды өз күштерiмен полигонға уақтылы тасып шығарып тұруға техникалық мүмкiндiктерi жоқ болған жағдайда.
      23. Егер тұрмыстық қатты қалдықтарды және басқа да қоқысты өз күштерiмен тасып шығаратын болса, қоқысты полигонға қабылдап алғаны жөнiндегi белгi мен белгiленген тәртiп бойынша бекiтiлген қоқыстың жинақталу нормаларын дәлелдейтiн құжат болып табылады.
      24. Мамандандырылған кәсiпорынның басшылары тұрмыстық қатты қалдықтарды толық көлемiнде тасып шығару кестесiнiң қатаң сақталуына жеке жауапты.
      Контейнерлiк алаңшалары мен оған iргелес аумақтардың қоқыстануын болдырмау үшiн контейнерлiк алаңшалардағы контейнерлердi тазалау олардың толуына қарай жүргiзiледi. Iске жарамды, жыл сайын сырланатын, иеленушiнiң маркировкасы болатын контейнерлер пайдаланылады. Контейнерлер орнатылатын алаңша су өткiзбейтiн төсемді, қоршауды және арнайы техника үшiн қолайлы кiреберiстi қамтиды.
      25. Iрi көлемдi қоқыстар арнайы бөлiнген алаңға жиналып, жиналу көлемiне қарай, кемiнде аптасына бiр рет тұтынушының жеке тапсырысы бойынша мамандандырылған кәсiпорын, мердiгер-ұйыммен тасып шығарылды.
      26. Арнайы техникаға тиеген соң шашылып-төгiлген қоқыстарды жинау арнайы техника иесiнiң күшiмен дереу жүргiзiледi.
      27. Канализация жүргiзiлмеген үй иеліктерi аумағында тұрмыстық сұйық қалдықтарды жинау үшiн белгiленген нормаларға сай су өтпейтiн шұңқырлар жасалады. Сұйық қалдықтарды тасып шығару мамандандырылған кәсiпорынның ваккумды көлiгiмен қажеттiлiкке орай, осы мақсатқа арнайы бөлiнген орындарға жүзеге асырылады.
      28. Қала шеңберiнде орналасқан темiржолдар, оқшаулау тiлiмдерi, қима жолдар, төсенiштер, виадуктер, өтпежолдар, вокзал перрондары, аялдамалық платформалар, темiр жол кәсiпорынның күшi мен құрал-жабдықтарымен тазаланады. Темiр жолдың оқшаулау тiлiмдерi ведомстволық нормативтерiмен алдын ала келiсiлген жеке көлемге ие. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлiмiнiң келiсiмiне сәйкес iргелес жатқан аумақты да қоса тазалау үшiн көлем деңгейiне ұлғайту бағытына қарай өзгерiс енгiзiп келiсiм шарт жасалуы мүмкiн.
      29. Жаға шегiне iргелес аумақтар мен айлақтар өздерi қарасты немесе келiсiм шарт негiзiнде бекiтiлiп берiлген кәсiпорын мен ұйымдардың күшiмен тазартылады.
      30. Қоғамдық көлiктерге арналған аялдамалық павильондар мен аялдама алаңдары, сондай-ақ оларға iргелес аумақтар мамандандырылған кәсiпорынның күшi мен құрал-жабдықтарын пайдалана отырып тазаланады; ал қоғамдық көлiктерге арналған аялдамалық павильондар мен аялдама алаңдары жеке және заңды тұлғалардың жеке меншiгi болған жағдайда – соңғылардың күшiмен тазартылады.
      31. Жалпыға бiрдей пайдаланылатын орындарды тазалау, мемлекеттiк тапсырысқа сай, кәсiпорындар мен ұйымдармен келiсiм шарт негiзiнде жиналған қоқыстар тез арада қоқыс үйiндiсiне тасып әкету арқылы жүргiзiледi.
      Барлық заңды және жеке тұлғалар меншiк түрлерiне, ведомстволық қатыстылығына қарамастан:
      1) сыпырындыларды, қоқыс қалдықтарын көгал алаңдарда, тротуарларда, өтпежолға үюге;
      2) кез келген қоқысты үй иесiнiң шекарасына шығаруға және жалпыға бiрдей пайдаланылатын аумақтарда қалдыруға, оның iшiнде қатты тұрмыстық қалдықтар;
      3) тұрғын үй құрылысы аумақтарында, скверлерде және саябақтарда ағаш және жапырақтарды өрттеп жағуға;
      4) үй иелiктерi аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлiмiнiң келiсiмiнсiз коммерциялық және сауда ұйымдары мен мекемелерiне арнайы мамандандырылған кәсiпорынмен қызмет көрсету үшiн қосымша контейнерлер орнатуға;
      5) қоқысты шығаратын кәсiпорынмен келiсiм-шартсыз барлық түрлердегi меншiктегi тұрғын үй қорында орнатылған, жалпыға пайдаланудағы қалалық аумақтарда орналасқан контейнерлермен пайдалануға жол бермеудi қамтамасыз етедi.
      32. Жер пайдаланушылар мен үй иелерi, меншiк түрiне қарамастан:
      1) өздерiне тиесiлi немесе өздерi пайдаланатын: тұрғын, тұрғын емес ғимараттарды, iргелес аумақтарымен объектiлердi, өткел құрылғыларын, тротуарларды, жаяу жүргiншiлер жолын, орамiшiлiк өтпежолдарды, аула аумағын, жағажайды, демалыс зонасын, рыноктарды, сауда алаңдарын және уақытша (маусымдық) бөлшек сауда үшiн арнайы бөлiнген орындарды, қалалық бейiттер қорымын, автотұрақтарды техникалық түзулiкте өз есебiнен ұстайды:
      2) көп қабатты үйлердiң кiреберiстерiнiң тазалығы мен тәртiбiн сақтауға, олардың тұрақты жарық болып тұруын қамтамасыз етедi;
      3) ведомстволық қатыстылығына қарамастан жасыл өсiмдiктердi сақтау, уәкiлеттi органдармен келiсiлген жобалар бойынша жасыл өсiмдiктердi отырғызу жүргiзедi, агротехникалық iс шаралардың толық кешенiн жүргiзедi, оның санында санитарлық кесудi, зиянкестер мен карантиндi арам шөптердi жою жұмыстарын өз күштерiмен немесе келiсiм шарт негiзiнде жүргiзiп отырады.
      Магистралдық инженерлiк коммуникацияның күзетiлетiн зонадағы жер үстi желiлерiндегi жасыл өсiмдiктердi санитарлық қию, қиылған материалдарды тез арада қоқыс үйiндiсiне апарып тасталуымен жүргiзiледi;
      4) кәсiпорындар мен ұйымдардың балансында және күтiмiнде тұрған жүйелерден басқа, жаңбыр мен жерасты суларына арналған арықтарды, құбырлар мен дренаждарды уақтылы тазалап тұруды iске асырады;
      5) құрылыс және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарды жасағанда жұмыс аумағы мен оған iргелес жатқан аумақты көрiктендiрудiң бұзылған элементтерiн қалпына келтiруiмен уақтылы тазалап отырады;
      6) мемлекеттiк меншiктегi объектiлерге келтiрiлген залал туралы тиiстi органдарға хабарлайды;
      7) шатырдың асты және жертөлелердiң есiгiне құлып салып, желдету шараларын орындауымен ұстайды.
      33. Қала және ауданның елді мекендеріндегі тұрғын үйлер мен оларға iргелес аумақтардағы қалыптасқан сәулеттiк бейненi сақтап және жақсарту үшiн оларға сауда объектiлерiн (кеңселердi) орналастырған кезде, заңды және жеке тұлғалар меншiгiне қарамастан алдын ала жасалған және келiсiлген жоба бойынша ғимараттардың қасбеттерiн әрлеу және iргелес аумақтарды көрiктендiру жөнiндегi шаралар атқаруды қамтамасыз етедi:
      1) қасбеттi әрлеу;
      2) ғимараттың жалпы стилiне сәйкес келетiндей есiк алдын, арбамен жүретiн мүгедектер кiруге пандустар, маңдайшалар орнату;
      3) өткел құрылғыларын, тротуарларды, орамiшiлiк өтпежолдармен қосылған жерлерiн, автокөлiк тұрақтарын, көгалдарды, жасыл өсiмдiктердi орнату;
      4) орындықтар, урналар, қоршаулар орнату;
      5) ғимаратқа iргелес жатқан және көлiк жолына немесе өтпежолға дейiнгi көше аумағын жарықтандыруға жететiн сыртқы жарық құрылғыларын, жарықты жарнама, қасбеттерге шам орнату;
      6) ең аз көлемдегi қажеттi ақпаратты қамтитын, жалпыға ортақ стилдегi, көркемдеп жасалған iлмелер орнату.
      34. Ғимаратта жалғыз объектi орналасқан жағдайда, оның иесi сәулет және қала құрылысы бөлімінің келiсiмiмен қасбеттiң бiр бөлiгiн немесе толықтай әрлеудi қамтамасыз етедi, ал басқа ие немесе жалға алушы пайда болған жағдайда шыққан шығынын қайтарып ала алады. Бiрнеше объект болған жағдайда қасбеттi безендiру, iргелес аумақты көрiктендiру және санитарлық тазалау жұмыстары олардың иелерiнiң үлестерiне сай бiрыңғай сәулеттiк-көркемдiк бейне мен жұмыстың бiр уақытта жүргiзiлуiн қадағалай отырып жасалады.

4. Жалпыға бiрдей пайдаланылатын орындар мен бекiтiлген
аумақтарды жинау және күтiп ұстау

      35. Жалпыға бiрдей пайдаланылатын орындар мен бекiтiлген аумақтарды жинау және күтiп ұстау меншiк түрлерiне, ведомстволық қатыстылығына қарамастан заңды және жеке тұлғалармен жүргiзiледi.
      36. Жалпыға бiрдей пайдаланылатын орындар мен бекiтiлген аумақтарды жинау және күтiп ұстау жұмыстарына мынадай жұмыс түрлерi кiредi:
      1) аумақты сыпыру, қалдықтар мен қоқыстарды жинап арнайы бөлiнген орындарда жарақтандырылған контейнерлiк алаңдарға қойылған типтiк контейнерлерге салу;
      2) тұрмыстық қатты қалдықтар мен iрi көлемдi қоқысты жинап, үйiндiге тасу. Тасып-төгу тиiстi құжатпен расталынады;
      3) шөптердi, бұталарды және басқа да жабайы өсетiн өсiмдiктi шауып, тасып шығару;
      4) шағын сәулеттiк нысандарды және қоршауларды жөндеп, сырлау.
      37. Көктемгi-күзгi кезеңде жинаудан басқа, ауа райына қарамастан көшелердi, алаңдар мен басқа да жалпыға бiрдей пайдаланылатын орындарды сумен жуу жұмыстары жүргiзiледi.
      38. Жер пайдаланушылар арасында жинайтын аумақтың шекарасын анықтау заңды және жеке тұлғаларға бекiтiлген аумақтарға сәйкес және көше-жол желiсi, алаңдар, қоғамдық орындар бойынша аталған қызмет түрiне мемлекеттiк тапсырыстан бөлiнген қаржы көлемiн есепке ала отырып тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі жүзеге асырады.
      39. Орамiшiлiк және басқа аумақтарды жинау шекарасы осы Ережеге сәйкес бөлiнген жер учаскелерi мен бекiтiлген аумақтар шегiнде анықталады.
      40. Құрылысы бар ауданда жоспарлы-тұрақты тазалаудың кезектiлiгi тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлiмi мен санитарлық қызмет органдарының келiсiмiмен белгiленедi.
      41. Жер пайдаланушылар маусымдық жағдайға және ауа райына байланысты өздерiне бөлiнген, бекiтiлген аумақтың шекарасында тазалау, суару, тротуарға құм себу, қоқысты, қар мен мұзды шығару, су қоймалары мен дренаждарды тазалау жұмыстарын жүйелi түрде орындайды.
      42. Бөлiнген және бекiтiлген аумақтар мен оларға көшелерден тақап келетiн жолды жинау, күту жұмыстарын осы аумақта орналасқан құрылыстар меншігінде және пайдалануындағы болып табылатын тұлға өз бетiмен немесе тазалаудың тапсырыстық жүйесi арқылы жүзеге асырады.
      43. Теміржол сапаржайын, автостанцияны, қоғамдық көлiктiң диспетчерлiк пункттерiн, такси тұрақтарын жинау мен ұстауды аталған объектiлердiң иелерi немесе пайдаланушылары жүргiзедi.
      44. Жанар-жағар май құю станцияларын, көлiк жуу, ақылы автотұрақтарды, гараждар мен iргелес аумақтарын (өтетiн жол бөлiгiне дейiн) және оларға кiреберiстердi жинау, аумақтың тазалығын сақтау жұмыстарын олардың иелерi жүзеге асырады.
      45. Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың санитарлық-қорғау аймақтары мен сумен қамтамасыз ету көздерін санитарлық қорғау аймақтарының аумағын жинау жұмыстарын олардың иелерi iске асырады.
      46. Инженерлiк-техникалық және гидротехникалық құрылғыларға iргелес аумақты осы құрылғылардың иелерi жинап, күтедi.
      47. Жер беті және жер астындағы суларды қала және ауданның елді мекендері аумағынан ағызып әкетуге арналған каналдар, құбырлар мен дренаждарды алдын ала тексерiп, тазалауды, жаңбыр суын жинайтын коллекторларды, жаңбырқабылдағыш құдықтарды тазалап, пайдаланатын кәсiпорын, аула аумағында – пәтер иелерiнiң кооперативтерi, жекеменшiк учаскелер мен кәсiпорын аумақтарында аумақ иелерi жүзеге асырады.
      48. Сыртқы жарық көздерi бағанасының және байланыс желiсi айналасындағы аумақтарды осы аумақ бекiтiлiп берiлген тұлғалар тазалайды. Құлаған шам бағаналарын бағана иесi негiзгi жол үстiнен дереу алып кетуi тиiс; басқа аумақтарда, сондай-ақ бұзылып алынған бағаналарды – бiр тәулiк iшiнде тасып әкетуi керек.
      49. Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай жатқан және игерiлмеген бөлiнген аумақтарды, бұзылып алынған құрылғылардың орнын тазалау жұмыстарын жер пайдаланушы немесе құрылысшы өз бетiмен немесе тазалаудың тапсырыстық жүйесiмен жүзеге асырылады.
      50. Сауда объектiлерiнiң иелерi, уақытша объектiлердi қоса есептегенде iргелес аумақты қоқыстан тазартып, тазалықты сақтайды.
      51. Базар аумағын, оған iргелес жатқан базар алаңын, қоқыс жинағыштарды жинау және оларды тиiстi күтiп ұстауды базар иелерi өздерi атқарады. Базар аумағына қатты төсенiш төселуi керек. Жылдың жылы мезгiлiнде, базар аумағы сыпырылып жуылады.
      52. Жалпыға бiрдей пайдаланылатын аумақтарда жеткiлiктi мөлшерде қоқыс салынатын жәшіктер орнатылады, оларды ара қашықтығы - адам көп жүретiн жерлерде 40 метрден, адам аз жүретiн жерде 100 метрден артық болмауы керек.
      53. Қалалық көлiк аялдамаларында, тұрақты (стационарлық) объектiнiң әр кiру (шығу) есiгiнде кемiнде екi қоқыс жәшігі, уақытша объектiде – бiр қоқыс жәшігі орнатылады.
      54. Жер пайдаланушылар мен басқа да тұлғалар өздерiне бөлiнген және бекiтiлiп берiлген аумақтарда қоқыс жәшігін орнатып, олар толған кезде тазалап, сондай-ақ ластану деңгейiне қарай, ең кемiнде аптасына бiр рет жуып тұруды қамтамасыз етедi.
      55. Меншiгiнде (жалға алынған) табылатын, жағажайлардың, демалыс аймақтарының аумағын тазалау, жыл сайын таза құм төгу, құмның үстiңгi бетiн механикалық қопсыту, жиналған қалдықтарды жою жұмыстарын, және сол аумақтар бекiтiлiп берiлген тұлғалар атқарады.
      56. Жағажай аумағы шешiнетiн орындармен жабдықталады. Жағажайлар мен саябақтарда, басқа да демалыс аймақтарында қоғамдық әжетханалар орнатылады.
      57. Саяжайлар мен жағажайлар, орнатылған қоқыс жәшіктерінен басқа, контейнер орнатуға арналған үш жағынан қоршалған қатты төсегiшi бар арнайы алаңшалармен жабдықталынады. Жағажайдың техникалық қызметкерлерi жағажай жабылғаннан кейiн жағалауда, шешiнетiн орында, әжетханада, көгалда негiзгi тазалау жұмыстарын жүргiзiп, астауларды тазалап, әжетханаларды залалсыздандыруы қажет. Күндiз ағымдағы тазалық жұмыстары жүргiзiледi.
      58. Жалпыға бiрдей пайдаланылатын демалыс аумағында сауда объектiлерiн күтiп ұстау және жөндеу, бекiтiлген аумақты тазалау, қоқысты шығару олардың иелері есебiнен жүргiзiледi.
      59. Стадионды, спорт алаңдарын, күту, жинау жұмыстарын баланс ұстаушылардың техникалық қызметкерлерi жүзеге асырылады.
      60. Ұйымдар, кәсiпорындар мен мекемелер, сауда объектiлерi, қоғамдық тамақтандыру объектілері, демалыс және көпшiлiк орындарға келушiлер үшiн ақысыз тұрақтармен қамтамасыз етiледi.
      61. Жеке меншігіндегі жеңiл автокөлiктердiң гараждарын орналастыру үшiн бөлiнiп, бекiтiлiп берiлген аумақтар, күзетiлетiн ашық автотұрақтар, жалпыға бiрдей пайдаланылатын тұрақтар, техникалық қызмет көрсететiн станциялар, такси тұрақтарын тазалап, күтiп ұстауды олардың иелерi және пайдаланушылары атқарады.
      62. Жеңiл автокөлiктердiң ашық автотұрақтары тұрғын және қоғамдық ғимараттардан санитарлық және өрт қауiпсiздiгiне сай алшақ қашықтықта орналастырылады.
      Автотұрақтар мен техникалық қызмет көрсету станцияларында, такси тұрақтары аумағында қоқыстар мен қалдықтарды жинау үшiн қоқыс жәшіктері мен контейнерлер орналастырылады, жүйелi түрде қалдықтарды жинау мен төгу жүргiзiледi.
      63. Қорым аумағы қоршалып, өтпе жолдарға қатты төсенiштер төселiп, қоқыс жинағыштар қойылады. Қорым аумағынан тұрмыстық қатты қалдықтарды тасып шығаруды мамандандырылған кәсiпорындар қамтамасыз етедi.
      64. Ойпат жерде орналасқан аумақты жаңбыр немесе қар суы басып кетуiн ескерту үшiн, жаңбыр қабылдағыш пен қарау құдықтар, сондай-ақ қалалық және ауданның елді мекендерінің орамiшiлiк суағарлары маусымына кемiнде екi реттен осы құрылғылар балансында болып табылатын тиiстi пайдаланушы қызметтердiң күшiмен тазартылады.
      65. Су ағынынан пайда болған (инженерлiк желiлердегi апатты жағдайлар) су басып кету қаупiн жою мiндетi осы қателiктi жiберген ұйымның жауапкершiлiгiнде болады.
      66. Жапырақтар түсе бастаған кезде өздерiне бөлiнген, бекiтiлген аумақтарды тазалауға жауапты барлық тұлғалар көгалдардан, көшелерден, жолдар мен өтпежолдардан, аула аумақтарынан түскен жапырақтарды жинап шығарады. Жиналған жапырақтар арнайы бөлiнген учаскелерге немесе көму орнына шығарылады.
      67. Кәсiпорындар мен инженерлiк жүйелердiң аумағынан шыққан жерүстi суларын шаруашылықтық, фекалды және жаңбыр канализациясына ағызуы, тек канализация желiлерiн пайдаланушы кәсiпорынның келiсiмi және келiсiм шарты болған жағдайда жүргізеді.

5. Көшенiң өтпежол бойын, аялдама және отырғызу
алаңшаларын қысқы және жазғы кезеңде тазалау

      68. Көшелердің көлiк жүретiн бөлiгiн, жолаушылар көлiгiнiң аялдама алаңшаларын көлденеңiнен, алаңдарды, жолдар мен жол желiсiнiң өтпе жолдарын, тұрақ қалташаларын, көпiрлердi, автобус маршруттарының соңғы аялдамаларындағы тұру-бұрылу алаңдарын тазалауды және ұстауды, осы жұмыстың өндiрiсiнде мемлекеттiк тапсырыс келiсiм-шарт негiзiндегi мердiгер-кәсiпорындар немесе осы мақсатқа бекiтiлген ұйымдар мен кәсiпорындар немесе жер телiмiн пайдаланушы жүргiзедi.
      69. Жолдардың жүру бөлiгi, сондай-ақ жолдың жағалауы ластанудың барлық түрлерiнен толық тазаланады.
      70. Бөлу сызығының көгал жақ бөлiгiн тазалау, көлiк жолындағы, тротуарлардағы, көгалдардағы қоршауларды және басқа да көрiктендiру элементтерiн күту жұмыстарын оларды баланс ұстаушы кәсiпорындар iске асырады.
      71. Меншiк түрлерiне, ведомстволық қатыстылығына қарамастан барлық заңды және жеке тұлғалар:
      1) көшенi механикалық тазалау кезiнде көлiктi жол бойына тастап кетпеу;
      2) автокөлiктерден жол үстiне және жиегiне, тротуарларға қоқыс лақтыру;
      3) тазалау жұмыстары кезiнде қоқысты бөлiнген немесе бекiтiлген аумақтың жол үстiне не керiсiнше тасуға;
      4) көлiк құралдармен жол жиектерiне шығып кетуге, әрi асып өтуге және тротуарларға, көгалдарға тоқтап, көлiктерiн қоюға, олар арқылы басқа жаққа өтуге;
      5) жол төсенiштерiн, жол құрылғыларын, белгiлердi, жол қозғалысын реттеу құралдарын бүлдiруге;
      6) ғимараттар мен қондырғыларға, өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiне апаратын көшелердi, жолдарды, өтпежолдарды, кiреберiстердi жауып тастауға бөгет жасауға;
      7) канализацияның, өнеркәсiптiк және iркiндi суларды көшенiң көлiк жолына және жолдарға ағызып жiберуге;
      8) арнайы келiсiмсiз жасалатын, жол жабынын бүлдiруi мүмкiн жұмыстарды атқаруға жол бермеу шараларын жүргізеді.
      72. Қоғамдық көлiкке отырғызу алаңшаларын, аялдама кешенi мен оған iргелес аумақты тазалауды және жууды сауда-аялдама кешенiнiң иелерi, жалға алушылары, ал сауда кешендерiн жалға алушылары, олардың иелері болмаған жағдайда тiкелей жақын орналасқан (бекiтiлген аумақ шегiнде), тұрғын емес жайларды, ғимараттарды, жүретiн жол бөлiгiн тазалау жүргiзетiн кәсiпорындар жүзеге асырады.
      73. Көшелердiң көлiк жүретiн жолдарын және өтпе жолдарын қысқы кезеңде тазалау жұмысы жұмыс технологиясын анықтайтын регламенттерге сәйкес жүргiзiледi.
      74. Қала және ауданның елді мекендері аумағын тазалауға жауап беретiн ұйымдар көктайғаққа қарсы материалдардың қажеттi мөлшердегi қорын жасап, тасып әкелiп, жинап қоюларын қамтамасыз етедi.
      75. Жол жиегiндегi қарды тазалау мен шығару осы көшенiң немесе өтпе жолдың жүретiн бөлiгiне тазалауға жауапты кәсiпорындардың күшiмен атқарылады.
      76. Саябақтарда, орман бақтарда, бақтарда, скверлерде, гүлзарларда және басқа да жасыл аймақтарда жолды тазалау кезiнде химиялық реагенттерi жоқ қарды үйiп қоюға, алдын-ала арнайы дайындалған алаңда көк желектерге зиян келмейтiндей және ерiген қар суы ағып кететiндей етiп жүргізіледі.
      77. Қыс кездерiнде жолдар, бақтағы отырғыштар, қоқыс жәшіктері, басқа да элементтер мен шағын сәулеттiк нысандар, сондай-ақ олардың алдындағы және екi жағындағы кеңiстiктер, оларға келетiн жол қар мен мұздақтан тазартылады.
      78. Тротуарлар мен көлiк жүретiн жолда, инженерлiк желiлердегi апат салдарынан пайда болған мұздақтар желi иелерi кәсiпорындардың күшiмен ойылып, тазаланады. Ойылған мұз белгiленген жерге төгіледі.
      79. Көлiк жолындағы, өтпежолдардағы, тротуарлар мен аула аумақтарындағы тазалау жұмыстарының технологиясы мен өндiрiс режимi ауа райының жағдайына қарамастан көлiк құралдары мен жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасамайтындай жағдайды қамтамасыз етедi.
      80. Тазалау жұмыстары өндiрiсi кезеңiнде:
      1) магистралдардың, көшелер мен өтпежолдардың көлiк жолдарына, тротуарлар мен көгалдарға орамiшiлiк жолдардан, аула аумақтарынан, кәсiпорындардың, ұйымдардың, құрылыс алаңдарының, сауда объектiлерiнiң аумақтарынан, жиналған қарды тасып, үюге;
      2) көктайғаққа қарсы реагент ретiнде техникалық тұзды, сұйық хлорлы кальцийдi тротуарларға, қалалық жолаушылар көлiгiне отырғызатын алаңшаларға, саябақтарға, скверлерге, аулалар мен басқа да жаяу жүргiншiлер және жасыл желек зоналарына пайдалануға;
      3) былғанған және тұздалған қарды, сондай-ақ мұз сынықтарын көгалдарға, гүлзарларға, бұталарға және басқа да жасыл өсiмдiктерге ротормен лақтыруға, тасуға;
      4) барлық жолдар мен көшелердiң және өтпежолдардың қиылысында бiр деңгейде және темiржол өткелiне көрiну үшбұрышы аймағында немесе жоғарлатылған бордюрмен жабдықталған жол учаскелерiнде қар үйiндiлерiн жасауға жол берiлмейдi.
      81. Тәулiк бойы кезекшiлiкте тұратын көктайғаққа қарсы материалдарды тарататын барлық машиналар жұмыс үшiн белгiлi бiр көшелер мен жолдарға бекiтiледi, маршруттық кестенiң көшiрмесi жол қағазымен бiрге жүргiзушiнiң қолына берiледi.
      82. Қар жауа бастаған бойда ең бiрiншi кезекте көлiк қозғалысына ең қауiптi көшелердiң учаскелерi - тiк түсулер мен көтермелер, көпiрлер, жол қиылыстары, қоғамдық көлiк аялдамалары, сондай-ақ жедел түрде тежеу талап ететiн тағы басқа жерлер көктайғаққа қарсы материалдармен өңделедi.
      83. Қарды төгу тек қана белгiленген тәртiппен келiсiлген орындарға жүзеге асырылады.
      84. Уақытша қар үю орындары қар ерiгеннен кейiн қоқыстан тазартылады және көрiктендiрiледi.
      85. Аула аумақтары, тротуарлар мен өтпежолдар қар мен мұздақтан асфальтқа дейiн тазартылып, қар мен мұз қартөккiштерге шығарылады. Мұздақ (көктайғақ) пайда болған жағдайда ұсақ құммен өндеу жүргiзiледi.
      86. Аула аумақтары мен орамiшiлiк өтпежолдардан шығарылған қарды көлiк пен жүргiншiлер қозғалысына бөгет жасамайтындай етiп аулаға үюге рұқсат берiледi.
      87. Аула iшiнде, аумағында қар үйілген жағдайда ерiген қар суының ағуы ескеріледi.
      88. Қыс мезгiлiнде ғимараттардың иелерi мен жалға алушылары үй төбесiн қардан, мұздақтан өз уақтында тазалауды ұйымдастырады.
      89. Ғимарат шатырын қар мен мұздақтан тазалаған кезде тротуарға қар лақтыру жұмысы тек жарық кезде және көше жаққа қараған еңiс беттен жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына қауiп тудырмайтындай сақтық шаралары жасалуымен жүргiзiледi. Басқа еңiс беттерінен, жазық еңiс беттерден қарды лақтыру iшкi аула аумағына жүзеге асырылады.
      90. Ғимарат төбесiнiң жаяу жүргiншiлер жолына шығатын жағын тазалау, қауiптi учаскеге алдын ала орнатылған қоршау қойылып, қарды, мұз бен қоқысты су ағатын құбырлардың құйғыларына тастауға жол берiлмей жүргiзiледi.
      91. Көшелер мен өтпежолдардың жол жабынын сыпыру жол төсемiн алдын ала ылғалдандырып, күндiзгi уақытта, ал көлiк қозғалысы көп болатын алаңдарда мен көшелерде түнде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлiмi бекiткен кестеге сәйкес жүргiзiледi.
      92. Көшелер мен өтпежолдардың, алаңдардың жүретiн бөлiгiнiң жол төсемін жуу түнде, ал қажет болған жағдайда күндiз жүргiзiледi.
      93. Көлiк жолын жуғанда су ағынымен сыпырынды мен қоқыстарды тротуарларға, көгалдарға, көк желектерге, аялдама павильондары мен жолаушылар көлiгiне, жақын орналасқан ғимарат қасбеттерi мен сауда объектiлерiне шашыратпай жүргізіледі.
      94 Ыстық күндерде жол төсемін жуу сағат 12-ден 16-ға дейiн (екi сағаттық үзiлiспен) жүргiзiледi.

6. Қалдықтарды жинау, уақытша сақтау,
тасу және қайта өңдеу

      95. Тұрғын үй алабы аумағында көлiк үшiн ыңғайлы кiру жолы бар қоқыс контейнерлерiн орналастыру үшiн арнайы алаңдар бөлiнедi. Алаңдар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, спорттық алаңдардан және тұрғындардың демалу орындарынан санитарлық қызмет органымен мiндеттi түрде алдын ала келiсіліп, 25 метрден кем емес қашықтықта орналасады. Алаңдардың аумағы контейнерлердiң қажеттi санын орналастыруға есептеледi.
      96. Құрылыстың көркейту алабындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау үшiн сыйымдылығы 0,75 куб метр стандартты, металдан жасалған контейнерлер қолданылады. Жазғы кезеңде контейнерлердi ауыстырылмайтын жүйе болғанда 10 күнде бiр реттен кем емес, ал ауыстырылатын жүйеде әрбiр төккеннен кейiн жуылады. Жеке үй иелiктерiнде қақпақтары бар еркiн конструкциядағы ағаштан, металдан жасалған ыдыстар қолданылады.
      97. Аумақтарында контейнерлiк алаңдары бар, меншiк түрлерiне қарамастан жеке және заңды тұлғалар:
      1) контейнерлiк алаңдардың кiрер жолдарында қатты төсемі болып, қоқыстың iргелес жатқан аумақтарға таралмауы үшiн жабық қоршауын болуды;
      2) контейнерлiк алаңдар мен оған iргелес аумақтардың қалыпты санитарлық ұстауды, сонымен бiрге алаңдар мен контейнерлердiң дезинфекциялануы мен дезинсекциялануын, үнемi жуылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануды;
      3) тұрмыстық қатты қалдықтар мен iрi көлемдi қоқыстарды уақтылы тасымалдауды;
      4) контейнерлiк алаңдарға кiру жолдарын қардан және мұздан тазартуды қамтамасыз етедi.
      98. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау мен жоюдың жоспарлы-тұрақты жүйесi мамандандырылған ұйымдармен қоқыстардың тұрақты шығарылуын көздейтін шарт бойынша, бекiтiлген кезеңiмен өтiнiшсiз және санитарлық қызметiнiң келiсiмiмен әрекет етедi:
      1) тұрғын үй алабы үшiн – үй иелерiмен келiсiлiп, мамандандырылған ұйыммен бекiтiлген және контейнерлердiң толып кетпеуiн болдырмайтын кесте бойынша;
      2) қоғамдық және мәдени мақсаттағы объектiлер үшiн - қажеттiлiк бойынша, аптасына екi реттен кем емес;
      3) шағын қабатты үйлер үшiн, жеке тұрғын үйлердi қоса – қажеттiлiк бойынша, аптасына бiр реттен кем емес.
      99. Жоспарлы-тұрақты жинап отыру үшiн әрбiр мамандандырылған ұйымға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі анықтаған шекарадағы аумақтар бекiтiледi. Қалдықтар таңертеңгi сағат 7-ден ерте емес және кешкi сағат 23 сағаттан кеш емес уақытта шығарылады. Арнайы көліктің әрбiр рейсi полигон әкiмшiлiгiмен жол жүру парағында тiркеледi.
      100. Қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды шығару, сақтау, залалсыздандыру, жинау және көму арнайы бөлiнген орында немесе залалсыздандырып, қайта өңдейтiн арнайы құрылғыда жүзеге асырылады. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын ұстауға пайдаланушы, мамандандырылған ұйым жауапты.
      101. Ауладағы, канализацияға қосылмаған және қоғамдық әжетханалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан кемiнде 25 метр, бiрақ 100 метрден артық емес қашықтықта орналасады. Аула әжетханаларының шұңқырлары толған сайын, бiрақ жарты жылда бiр реттен кем емес тазартылады.
      102. Денсаулық сақтау ұйымдарындағы пайда болатын қалдықтарды жинау, сақтау, шығару медицина ұйымдарының қалдықтарын жинауға, пайдалануға, залалсыздандыруға, тасуға, сақтауға және көмуге қойылатын талаптарға сай.

7. Уақытша объектiлер үшiн арнайы бөлiнген орындарды
орналастыру және күтiп ұстау, олардың қызметiн ұйымдастыру

      103. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қала және ауданның елді мекендерінде уақытша объектiлердi орналастыру үшiн арнайы орын бөлу тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
      104. Арнайы бөлiнген орындар мен уақытша объектiлерге көрсетілетiн көлiктік қызметтер iргелес жолдар, өткелдер, тротуарлар мен жаяу жүргiншiлер бағытында көлiк және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысының қауiпсiздiк талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады. Тауар әкелген көлiктiң кiрiс жолы, уақытша объектiнiң тiкелей жанына көлiк тоқтату орны, жол полициясының келiсiмiмен жүзеге асырылады, бұл мақсат үшiн тротуарлар, көгал алаңдар пайдаланылмайды.

8. Шағын сәулеттiк нысандарын, сыртқы жарықтандыру
қондырғыларын, жарықтандыру элементтерiн
орнату және күтiп ұстау

      105. Тұрғын құрылыс аумақтары және жалпыға бiрдей пайдаланылатын орындар шағын сәулет нысандарымен – күркелер, көлеңкелi бастырмалар, гүлзарлар, отырғыштар, қоқыс жәшіктері, су бұрқақтар, балалар ойынына, ересектердiң демалысына арналған құрылғылар, стендтер, қоршаулар, телефон будкалары, автокөлiктi күту павильондарымен жабдықталады.
      106. Шағын сәулеттiк нысандарын жобалау, салу, дайындау және орнату аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімімен келiсiлгеннен кейiн жүргiзiледi.
      107. Шағын сәулеттiк нысандарының иелерi оларды ауыстыру, жөндеу және сырлауды өз есебiнен жүргiзедi.
      108. Қала және ауданның елді мекендері аумағын жарықтандыру сыртқы жарықтандыру қондырғылары арқылы қамтамасыз етiледi, оларға:
      1) электрмен жабдықтау құрылғылары, таратушы желiлер;
      2) электр желiлерiн қорғау және жерлестiру қондырғысы;
      3) басқару қондырғысы;
      4) кронштейндер, тростық аспа тiректерi жатады.

9. Заңды және жеке тұлғалардың Ережені
бұзғандығы үшiн жауапкершiлiгi

      109. Осы Ережені бұзғаны үшiн кiнәлi заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiне сәйкес жауапқа тартылады.
      110. Әкiмшiлiк жауапқа тарту шаралары, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бұзушыларды олармен келтiрiлген материалдық шығынды өтеуден босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады