Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қарашай селолық округінің Линовицк селосын Қиялы ауылы деп қайта атау туралы

Күшін жойған

Бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011 жылғы 14 наурыздағы № 371 шешімі және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 80 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 7 сәуірде № 3366 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 359 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 27-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тұрғындардың пікірін, Мәртөк ауданының мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қарашай селолық округінің Линовицк селосы Қиялы ауылы деп қайта аталсын.
      2. Осы әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
      3. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі
Е. САҒЫНДЫҚОВ
Облыстық
 
мәслихаттың хатшысы
Б. ОРДАБАЕВ
Облыстық мәслихаттың
 
сессия төрағасы
Т. ЕСЕНҒҰЛОВ

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады