Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына, 24-бабына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 233-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 943 қаулысына сәйкес, Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты аумағын кеңейтуге резервіленетін жер учаскелерін 2011 жылғы 21 қазандағы тексеру актісі негізінде Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 12.07.2022 № 224 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының ерекше қорғалатын табиғи аумағын кеңейту үшін жалпы ауданы 409 962 гектар, соның ішінде босалқы жерлерден 409 962 гектар резервте қалдырылсын.
2. Резервте қалдырылатын жер учаскелерінің шекаралары Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының ерекше қорғалатын табиғи аумағын кеңейту үшін резервте қалдырылатын жер учаскелерінің қоса беріліп отырған сызбасына сәйкес анықталсын.
3. Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының ерекше қорғалатын табиғи аумағын кеңейту туралы шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілерін сақтауды қамтамасыз ету үшін жер учаскелерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І.Қ. Өмірзақовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
РҚАО ескерту. Сызбаны қағаз мәтінінен қараңыз.