"Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының ерекше қорғалатын табиғи аумағын кеңейту үшін жер учаскелерін резервте қалдыру туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 422 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылдың 12 шілдедегі № 224 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 шілдеде № 28804 болып тіркелді

      Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының ерекше қорғалатын табиғи аумағын кеңейту үшін жер учаскелерін резервте қалдыру туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 422 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3383 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына, 24-бабына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 233-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 943 қаулысына сәйкес, Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты аумағын кеңейтуге резервіленетін жер учаскелерін 2011 жылғы 21 қазандағы тексеру актісі негізінде Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады