Ескерту. Орындалу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімі аппаратының басшысының 2012.10.02 № 05-11/3024 Хатымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабын орындау үшін қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейінгі кезеңде «Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жылы 17 жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, Ақтөбе қаласының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тіркеу өткізу шараларын орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
2. Ұсынылсын:
1) Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу өткізу бойынша іс-шаралар жүргізсін;
2) Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
3. Селолық округтер әкімдері тіркеуді өткізу мерзімінде әскер жасына дейінгілерді хабарлауды ұймдастырсын және олардың «Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне уақытында келуін қамтамасыз етсін.
4. «Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. Тіркеу қортындысы туралы 2012 жылдың 11 сәуірінде қала әкіміне хабарласын.
5. Қала әкімінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 17 «1994 жылы туған азаматтарды «Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы» шешімінің (2010 жылғы 13 желтоқсандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3-1-146 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 153 «Актюбинский вестник» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.М. Қалдығұловаға және «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Ж. Сәрсенбиновке жүктелсін.
7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н. Әбдібеков