Алға ауданы аумағындағы елді мекендерге бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орындары белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2011 жылғы 2 ақпандағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Алға аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 23 ақпанда № 3-3-121 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 қарашадағы № 02-6/119 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2012.11.07 № 02-6/119 Хатымен.

      Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының № 148 Заңының 6,  7-баптарына және «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 Заңының 10-бабына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Алға ауданы аумағындағы елді мекендерде азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету үшін қалыпты жағдай жасау мақсатында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының
      төрағасы, мәслихат хатшысы:                А. Кайрушев

Алға аудандық мәслихатының
2011 жылғы 2 ақпандағы № 4
шешіміне № 1 қосымша


р/с

Өткізу орны

Нысанның атауы

1

Алға қаласы

А.Байтұрсынов көшесіндегі "Назран" жабық сауда орны алаңы

2

Ақай ауылы

Саменко атындағы көшедегі Мәдениет үйі алаңы

3

Қарақобда ауылы

Әбубәкір атындағы көшедегі спорт кешенінің алаңы

4

Үшқұдык ауылы

Орталық көшесіндегі Мәдениет үйі алаңы

5

Маржанбұлақ ауылы

А.Құнанбаев атындағы көшедегі Маржанбұлақ орта мектебінің алаңы

6

Бестамақ ауылы

Бөкенбай батыр атындағы көшедегі Мәдениет үйі алаңы

7

Тамды ауылы

Есет батыр Көкіұлы атындағы көшедегі Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге арналған ескерткіш алаңы

8

Есет батыр Көкіұлы
ауылы

Ш.Уәлиханов атындағы көшедегі Мәдениет үйінің алаңы

9

Қайнар ауылы

А.Молдағулова атындағы көшедегі ауылдық клуб алаңы

10

Самбай ауылы

С.Сейфулин атындағы көшедегі жергілікті фельдшерлік акушерлік пункт алаңы

11

Қарабұлақ ауылы

А.Молдағулова атындағы көшедегі жергілікті әкімшілік алаңы

12

Сарықобда ауылы

Орталық көшесіндегі Бессараб орта мектебінің алаңы

13

Қарақұдық ауылы

Федорченко атындағы көшедегі Мәдениет үйі алаңы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады