Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 4 "2011 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ретінде көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 34 шешімі. Ақтөбе облысы Алға ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 қыркүйекте № 3-3-131 тіркелді. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 02-6/20 хатымен.

      Ескерту. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2013.01.30 № 02-6/20 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2010 жылғы 23 желтоқсандағы "2011 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ретінде көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит беру туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-119 тіркелген, 2011 жылғы 1 ақпандағы аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінің № 6-7 жарияланған) № 4 шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің бірінші тармағындағы "алты жүз отыз" деген сөздер "бір мың бес жүз" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын қамтамасыз ету "Алға аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі" ММ-не, орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Аққағазовқа ұсынылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат

Аудандық мәслихат

Сессиясының төрағасы:

хатшысы:

Ш.Қоңыратбаев

А.Кайрушев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады