2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 9 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 қаңтарда № 3-3-134 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 06 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 28.12.2012 № 06 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына сәйкес Алға ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде "Алға ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы 17 жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, Алға ауданы аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      Тіркеу өткізу шараларын орындауға байланысты шығындар, жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.

      2. Ұсынылсын:

      1) Алға аудандық орталық ауруханасы (келісім бойынша) тіркеуді өткізу бойынша іс-шаралар жүргізсін.

      2) Алға аудандық iшкi iстер бөлiмi (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды iздестiруді және ұстауды жүзеге асырсын.

      3. Селолық округтер әкімдері тіркеуді өткізу кезеңінде әскер жасына дейінгілерді және шақырушыларды хабардар етуді, олардың дер кезінде "Алға ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.

      4. "Алға ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтардың шақыру учаскесiне тiркелуiн ұйымшылдықпен жүргiзудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын. Тiркеу қорытындысы туралы 2012 жылдың 11 сәуiрiнде аудан әкiмiне хабарласын.

      5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Ағниязовқа және "Алға ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Кусмамбетовке жүктелсiн.

      6. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Алға ауданының әкімі

Қ. Сәрсенғалиев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады