Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 103 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 мамырда № 3-4-113 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 34 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2012.02.28 № 34 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының, 7 бабының 5-4) тармақшасының9 және 18-1 баптарының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарын басшылыққа ала отырып Байғанин ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық (селолық) округтер бойынша нысаналы топтарға жататын азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында оларда ашылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген әр адамға жергілікті бюджеттен айлық аударымдар мөлшері 26000 теңгені құрайды.
      3. «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Ш.Спанова) қосымшаға сай әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға тапсырыс берушілермен шартқа отырып, нысаналы әлеуметтік топтарға жататын азаматтарға жолдама беруді ұйымдастырсын.
      4. «Байғанин аудандық қаржы бөлімі» ММ (Б.Боранбай) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырсын.
      5. «Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру туралы» Байғанин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 21 қаулысының (нормативтік құқықтық келісімдері мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3-4-93 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 наурыздағы № 12 «Жем-Сағыз» газетіне жарияланған) күші жойылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманғосқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                                  Б.Кемешов

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 26 сәуірдегі
№ 103 қаулысына
ҚОСЫМША

Селолық (ауылдық) округтерде әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі

Р/с

Селолық (ауылдық) округ атаулары

Жұмыс орындарының саны

1

Ащы селолық округі

6

2

Көлтабан селолық округі

7

3

Қопа селолық округі

7

4

Сартоғай селолық округі

6

5

Жаңажол селолық округі

6

6

Жарқамыс селолық округі

6

7

Қызылбұлақ селолық округі

6

8

Миялы селолық округі

6

9

Қарауылкелді ауылдық округі

100

Барлығы

150

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады