Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "селолық" деген сөздер тиісінше "ауылдық" деген сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі әкімінің 12.11.2014 № 27 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жарқамыс ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1.
Жарқамыс ауылдық округінің құрамындағы бөліктеріне (қыстақтарға) келесі атаулары берілсін:
1) Ащылытоғай
2) Ақши -1
3) Аққұдық
4) Аша
5) Ақтоғай
6) Барғана
7) Жанғана
8) Түбек
9) Қызылжар
10) Почта
11) Жырық
12) Әйсейіт
13) Майтүбек
14) Құмқұдық
15) Соркөл
16) Сарытөбе
17) Қазантоғай
18) Тасаудан
19) Көңдісай
20) Қарабұлақ
21) Құтанши
22) Ақши-2
23) Алшын
24) Қаражар-1
2.
Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
3.
Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарқамыс ауылдық округінің әкімі: |
С.Ә.Дербісов |