Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Аманкөл селолық округі әкімінің 2012.11.01 № 9 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 11 қазан 2011 жылғы № 3-4/614 ұсынысының негізінде Аманкөл селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аманкөл селолық округі Жарма елді мекені аумағында иттердің құтыру ошағы анықталуына байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау селолық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Дүкенбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аманкөл селолық округінің
әкімі Ж. Қайыров