Ырғыз ауылдық округінің Ырғыз, Қалыбай, Қалалыкөл ауылдарының көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 49 шешімі. Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 шілдеде № 3-5-135 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтініндегі "селолық", "селоларының" "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылдарының", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 21.09.2016 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және Ырғыз ауылдық округі, Ырғыз, Қалыбай, Қалалыкөл ауылдарының тұрғындары жиналыстарының хаттамаларына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ырғыз ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
      1) Ырғыз ауылының көшелеріне:
      Әмірхан Барысбаев көшесі;
      Мырзағали Төлегенов көшесі;
      Қияс Сәрсенбаев көшесі;
      Бәймен Алманов көшесі;
      Ұзақбай Құлымбетов көшесі;
      Әлішбек Шахин көшесі;
      Лайық Шоқпаров көшесі;
      Жансен Кереев көшесі;
      Симақ Еңсегенов көшесі;
      Жамбыл Жабаев көшесі;
      Дінмұхамед Қонаев көшесі;
      Әліби Жанкелдин көшесі;
      Темірбек Жургенов көшесі;
      Телжан Шонанов көшесі;
      Аманкелді Иманов көшесі;
      Нұрқасым Бердіқұлов көшесі;
      Өтеу Құдайбергенов көшесі;
      Мұхамеджан Қарабаев көшесі;
      Тел Жаманмұрынов көшесі;
      Өтебай Қанахин көшесі;
      Ыбырай Алтынсарин көшесі;
      Қойыртбаев көшесі;
      Абай Құнанбаев көшесі.
      2) Қалыбай ауылының көшелеріне:
      Мейірхан Жүсіпов көшесі;
      Ағытай Қойлыбаев көшесі;
      Қозыбақ Жанпейсов көшесі;
      Бимұрат Қоқашев көшесі.
      2. Қалалыкөл ауылының көшелеріне:
      Достық көшесі;
      Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі атаулары берілсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ырғыз ауылдық округінің әкімі: Н. ҚЫЗБЕРГЕНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады