Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 75 қаулы. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 наурызда № 3-6-117 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 170 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2.09.2013 № 170 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып, Қарғалы ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Селолық округ әкімдері көрсетілген орындарды қалқандармен және стендтермен жарақтандырсын.
      3. Аудан әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы» 2010 жылғы 4 қазандағы № 330 (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-106 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 14 қазанда № 59-60 (4563-4564) аудандық «Қарғалы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Аманжоловқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                               А.Сагиев

      Жобаны енгізуші:
      Аудан әкімі аппаратының басшысы           С.Аманжолов

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 01 наурыздағы
№ 75 қаулысына
ҚОСЫМША

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

Орналастыру орындары Атауы:
стенд, қалқан
Саны

Степной селолық округі:

Первомай ауылы: кітапхананың бойында

Степной ауылы: «Степной» ЖШС, МТШ

Қайрақты ауылы: «Қайрақты» ЖШС, МТШ

Мамыт ауылы: орталық көше бойындағы 23 үйдің жанында


Стенд

Стенд

Стенд


Стенд


1

1

1


1

Ащылысай селолық округі:

Ащылысай ауылы: клуб ғимараты

Преображенов ауылы: «Наталия» дүкені

Ақкөл ауылы: «Боздақ» ЖШС кеңсесі

Бозтөбе ауылы: «Көктас» АҚ кеңсесі

«Василек» дүкені



Стенд

Стенд

Стенд

Стенд



1

1

1

1

Велиховка селолық округі:

Велиховка ауылы: «Велиховка» ЖШС кеңсесі

Ақжайық ауылы: «Ақжайық» ЖШС кеңсесі-


Стенд

Стенд


1

1

Желтау селолық округі:

Петропавл ауылы: «Табиғат+» ЖШС кеңсесі бойында

Ш.Қалдаяқов ауылы: «Пацаев» ЖШС кеңсесінің бойында


Стенд


Стенд


1


1

Әлімбет селолық округі:

Әлімбет ауылы: Әлімбет отрта мектебі-бала бақшасы

Шандыаша ауылы: ауылға кіргендегі орталық көшеде орналасады

Қызылсай ауылы: ФАП



Стенд



1

Кемпірсай селолық округі:

Жосалы ауылы: орта мектеп-бала бақшасы

Кемпірсай ауылы: мектеп

Қарабұтақ ауылы: мектеп



Стенд

Стенд



1

1

Қос Естек ауылдық округі:

Сарыбұлақ ауылы: «Семенцул» дүкені

Қос Естек ауылы: «Рустам» дүкені

«Дастархан» дүкені


Стенд

Стенд

Стенд


1

1

1

Бадамша селолық округі:

Бадамша ауылы: «Радуга» дукені


Стенд


1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады