Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 28 наурыздағы № 276 "Қарғалы ауданы бойынша 2011 жылға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 шілдедегі № 295 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 тамызда № 3-6-125 тіркелді. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 наурыздағы № 03-14/48 хаты.

      Ескерту. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012.03.19 № 03-14/48 Хаты.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандырына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық мәслихаттың "Қарғалы ауданы бойынша 2011 жылға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларының мөлшерін белгілеу туралы" 2011 жылғы 28 наурыздағы № 276 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізіліміне 3-6-120 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 28 сәуірдегі аудандық "Қарғалы" газетінінің № 28-29 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1 – тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын: "Тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат

Аудандық мәслихат

сессияның төрағасы

хатшысы

А.Бахонов

Ж.Құлманов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады