Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 313 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 қазанда № 3-6-127 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 жетоқсандағы № 188 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 20.12.2013 № 188 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-VI Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысының 11 тармағына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қатты отын алу үшін он еселенген айлық есептік көрсеткіш түрінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) 1, 2, 3, топтағы мүгедектерге;
      2) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      3) жетім балаларды асырап алушы отбасыларға;
      4) төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға;
      5) қаза тапқан және қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасыларына;
      6) ауданның ауылдық жерлерінде тұратын және орталықтандырылған жылыту және жекешелендірілген көгілдір отынмен жылытуы жоқ көп балалы аналарға;
      2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ай сайын үш мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) алынып тасталды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012.08.08 № 60 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2) аудандық білім және спорт бөлімі тарапынан тоқсан сайын ұсынылған тізімдерге сәйкес үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға;
      3) 1, 2, 3, топтағы мүгедектерге;
      4) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      5) мүгедектік тобы бар бала кезінен мүгедектерге;
      6) еңбек жағдайында мертіккен мүгедектерге;
      7) аудандық аурухананың ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес (амбулаторлық емдеу кезінде) туберкулезбен ауыратындарға;
      алынып тасталды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012.08.08 № 60 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012.08.08 № 60 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2-1 Жыл сайын зейнеткерлерге, базалық төлеммен есептегендегі төменгі мөлшерде және ең төменгі мөлшердегі зейнетақы алатын зейнеткерлерге Халықаралық қарттар күніне 10,0 (он мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      Ескерту. Шешім 2-1 тармағымен толықтырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012.08.08 № 60 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен
      2-2 Жыл сайын әлеуметтік жағынан аз қамтылған 18 (он сегіз) жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға Халықаралық балалар күніне 20,0 (жиырма мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      Ескерту. Шешім 2-2 тармағымен толықтырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012.08.08 № 60 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен
      3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті көрсетуге келесі құжаттар тізбесін айқындау қажет:
      өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
      Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігінің көшірмесі;
      мүгедектіктік туралы анықтаманың көшірмесі;
      мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың (зейнеткер, мүгедек, көп балалы ана, көп балалы отбасы, жетім балаларды асырап алушы) статусын анықтайтын анықтамасы;
      тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      «Казпочта»АҚ төлеуші кітабының көшірмесі.
      4. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарғалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Аудандық мәслихат                       Аудандық
    сессиясының төрағасы                 мәслихаттың хатшысы

        Ж. Қалдығұлов                        Ж. Құлманов

2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 313
аудандық мәслихаттың шешіміне
қосымша

Қарғалы аудандық мәслихатының
күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізімі

      1. «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 61 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-6-65 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 13 мамырда аудандық «Қарғалы» газетінде жарияланған);
      2. «Қарғалы аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 28 сәуірде № 3-6-65 болып тіркелген аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 18 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 61 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 шілдедегі № 78 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-6-70 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 2 қыркүйекте аудандық «Қарғалы» газетінде жарияланған);
      3. «Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 61 «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 123 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-6-81 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 21 мамырда аудандық «Қарғалы» газетінде жарияланған);
      4. «Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 29 шілдедегі № 78 «Қарғалы аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 28 сәуірде № 3-6-65 болып тіркелген аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 18 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 61 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 22 қазандағы № 233 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-6-111 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 14 желтоқсанда аудандық «Қарғалы» газетінде жарияланған);
      5. «Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 123 «Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 61 «Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 22 қазандағы № 234 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-6-110 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 14 желтоқсанда аудандық «Қарғалы» газетінде жарияланған);

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Решение маслихата Каргалинского района Актюбинской области от 27 сентября 2011 года № 313. Зарегистрировано Управлением юстиции Каргалинского района Актюбинской области 25 октября 2011 года № 3-6-127. Утратило силу решением маслихата Каргалинского района Актюбинской области от 20 декабря 2013 № 188

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Каргалинского района Актюбинской области от 20.12.2013 № 188.
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктом 4 пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года № 95-IV, пункта 11 Постановления Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами», в целях социальной защиты отдельных категорий граждан районный маслихат РЕШАЕТ:
      1. Оказать единовременную социальную помощь в виде десятикратного месячного расчетного показателя для приобретения твердого топлива отдельным категориям нуждающихся граждан:
      1) инвалидам 1,2,3 групп;
      2) детям-инвалидам до восемнадцати лет;
      3) семьям опекунов детей сирот;
      4) многодетным семьям, имеющих четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей;
      5) семьям погибших, умерших военнослужащих;
      6) многодетным матерям, проживающих в селах района и не имеющих центрального теплового и индивидуального газового отопления;
      2. Ежемесячно оказывать отдельным категориям нуждающихся граждан денежную социальную помощь в размере трех тысяч тенге:
      1) исключен решением маслихата Каргалинского района Актюбинской области от 08.08.2011 № 60 (вводится в действие по истечении 10 календарных дней со дня его первого официального опубликования).
      2) детям инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому согласно списков, предоставляемых ежеквартально районным отделом образования и спорта;
      3) инвалидам 1, 2, 3 групп;
      4) детям-инвалидам до восемнадцати лет;
      5) инвалидам с детства, имеющим группу;
      6) инвалидам от трудового увечья;
      7) больным туберкулезом (в период амбулаторного лечения) согласно списков, предоставляемых ежемесячно районной больницей.
      исключен решением маслихата Каргалинского района Актюбинской области от 08.08.2011 № 60 (вводится в действие по истечении 10 календарных дней со дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решением маслихата Каргалинского района Актюбинской области от 08.08.2012 № 60 (вводится в действие по истечении 10 календарных дней со дня его первого официального опубликования).
      2-1 Ежегодно пенсионерам, получающим минимальную пенсию и ниже минимальной пенсии, с учетом базовой доплаты к Международному дню пожилых людей выплачивать по 10,0 (десять тысяч) тенге.
      Сноска. Решение дополнено пунктом 2-1 в соответствии с решением маслихата Каргалинского района Актюбинской области от 08.08.2012 № 60 (вводится в действие по истечении 10 календарных дней со дня его первого официального опубликования).
      2-2 Ежегодно малообеспеченным семьям, имеющим детей до 18 (восемнадцати) лет, получающим государственную адресную социальную помощь к Международному дню защиты детей выплачивать по 20,0 (двадцать тысяч) тенге.
      Сноска. Решение дополнено пунктом 2-2 в соответствии с решением маслихата Каргалинского района Актюбинской области от 08.08.2012 № 60 (вводится в действие по истечении 10 календарных дней со дня его первого официального опубликования).
      3. Для оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан необходимо определить следующий перечень документов:
      копию удостоверения личности заявителя;
      копию свидетельства налогоплательщика Республики Казахстан;
      копию справки об инвалидности;
      справка с Государственного центра по выплате пенсий, подтверждающий статус получателя пособий и пенсий (пенсионер, инвалид, многодетная мать, многодетная семья, опекун детей- сирот);
      копию правоустанавливающего документа на жилище;
      копию книги регистации граждан;
      копию книжки вкладчика АО «Казпочта».
      4. Признать утратившими силу некоторые решения Каргалинского районного маслихата согласно приложению к настоящему решению.
      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии               Секретарь районного
      районного маслихата                    маслихата

        Ж. Калдыгулов                       Ж. Кульманов

Приложение
к решению районного маслихата
от 27 сентября 2011 года № 313

Перечень
утративших силу некоторых решений
Каргалинского районного маслихата

      1. «Об оказании социальной помощи» от 18 апреля 2008 года № 61 (зарегистрировано в реестре Государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-6-65, опубликовано 13 мая 2008 года в районной газете «Қарғалы»);
      2. «О внесении дополнений в решение районного маслихата № 61 «Об оказании социальной помощи» от 18.04. 2008 года, зарегистрированного в управлении юстиции Қаргалинского района № 3-6-65 от 28.04.2008 года» от 29 июля 2008 года № 78 (зарегистрировано в реестре Государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-6-70, опубликовано 2 сентября 2008 года в районной газете «Қарғалы»);
      3. «О внесении изменений в решение районного маслихата от 18 апреля 2008 года № 61 «Об оказании социальной помощи» от 24 апреля 2009 года № 123 (зарегистрировано в реестре Государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-6-81, опубликовано 21 мая 2009 года в районной газете «Қарғалы»);
      4. «О внесении изменений в решение районного маслихата от 29 июля 2008 года № 78 «О внесении дополнений в решение районного маслихата № 61 «Об оказании социальной помощи» от 18 апреля 2008 года, зарегистрированного в управлении юстиции Каргалинского района № 3-6-65 от 28 апреля 2008 года» от 22 октября 2010 года № 233 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-6-111, опубликовано 14 декабря 2010 года в районной газете «Қарғалы»);
      5. «О внесении дополнений в решение районного маслихата от 24 апреля 2009 года № 123 «О внесении изменений в решение районного маслихата от 18 апреля 2008 года № 61 «Об оказании социальной помощи» от 22 октября 2010 года № 234 (зарегистрировано в реестре Государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-6-110, опубликовано 14 декабря 2010 года в районной газете «Қарғалы»).