Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2011.09.27 № 313 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, 7 баптың 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-11 “Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі” Кодексының 53 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес және күнделікті пайдаланылатын тауарларға бағалардың көтерілуіне байланысты аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ауданның ауылдық жерлерінде тұратын және орталықтандырылған жылыту және жекешелендірілген көгілдір отынмен жылытуы жоқ 1, 2, 3 топ мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге, жетім балаларды асырап алушы отбасыларына, төрт немесе одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларына, қаза болған жауынгерлердің отбасыларына, көп балалы аналарға кесек отын алу үшін айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшеріндегі құны түрінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. ”Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” ММ-сі (Көшербаева О.М.) ауданның ауылдық жерлерінде тұратын және орталықтандырылған жылыту және жекешелендірілген көгілдір отынмен үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай материалдық көмек көрсету үшін жылытуы жоқ 1, 2, 3 топ мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге, жетім балаларды асырап алушы отбасыларына,төрт немесе одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларына, қаза болған жауынгерлердің отбасыларына, көп балалы аналарға кесек отын алу үшін қаржы бөлсін.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2008.07.29 N 78 шешімімен.
3. Жиынтық табысы кедейшілік деңгейінен төмен болған аз қамтылған отбасыларға ай сайын ақшалай көмек көрсетілсін, аудандық білім бөлімі тарапынан ай сайынғы берілген тізімдерге сәйкес үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға, сондай-ақ 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге және мүгедектік тобы бар бала кезінен мүгедектерге, еңбек жағдайындағы мертіккен мүгедектерге, әскери борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектеріне үш мың теңге көлемінде; ең кіші көрсеткіштегі және ең кіші көрсеткіштен төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай көмек көрсетілсін.
Ескерту.3 тармаққа жана редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2009.04.24 N 123 шешімімен.
4. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелсін.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы: хатшысы:
С.Биисов Ж. Құлманов