Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 18 сәуірдегі N 61 "Әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 123 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 мамырда N 3-6-81 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 313 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2011.09.27 № 313 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 «Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі» Кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 474 Заңының 4 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық мәслихаттың Қарғалы әділет басқармасында 2008 жылғы 28 сәурдегі № 3-6-65 болып тіркелген, 2008 жылғы 13 мамырында «Қарғалы» газетінің № 21-22 сандарында жарияланған 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 61 «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» аудандық мәслихат шешіміне (Қарғалы ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 29 шілдедегі № 3-6-70 болып тіркелген, 2008 жылғы 2 қыркүйегіндегі «Қарғалы» газетінің № 42-43 сандарында жарияланған аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 шілдедегі № 78 шешімімен енгізілген толықтыруларды еске ала отырып) келесі өзгерістер енгізілсін:
      3 тармақ жаңа редакциямен баяндалсын:
      Жиынтық табысы кедейшілік деңгейінен төмен болған аз қамтылған отбасыларға ай сайын ақшалай көмек көрсетілсін, аудандық білім бөлімі тарапынан ай сайынғы берілген тізімдерге сәйкес үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға, сондай-ақ 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге және мүгедектік тобы бар бала кезінен мүгедектерге, еңбек жағдайындағы мертіккен мүгедектерге, әскери борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектеріне үш мың теңге көлемінде; ең кіші көрсеткіштегі және ең кіші көрсеткіштен төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге 1, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай көмек көрсетілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. Шешім 2 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2010.10.22 № 234 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
 
       Аудандық мәслихат                Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                 хатшысы

      Ж.Қалдығұлов                       Ж.Құлманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады