Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2011.09.27 № 313 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 – ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан республиасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-ІІ «Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі» Кодексінің 53 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес және күнделікті пайдаланылатын тауарларға бағалардың көтерілуіне байланысты аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қарғалы аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 61 шешімінің (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3-6-65 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 13 мамырда «Қарғалы» газетінің № 21-22 жарияланған) 2 тармақтағы «көгілдір отынмен» деген сөздерден кейін «үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай материалдық көмек көрсету үшін» деген сөздермен толықтырылсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2010.10.22 № 233 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
2. Мынандай мазмұнда 3 тармақпен толықтырылсын:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2008 жылдың 2 шілдесіндегі № 160-п бекіткен бұйрығына сәйкес, жиынтық табысы кедейшілік деңгейінен төмен болған аз қамтылған отбасыларға ай сайын облыста белгіленген үш мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілсін, ең кіші көрсеткіштегі және ең кіші көрсеткіштен төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, сондай – ақ, І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге және мүгедектік тобы бар бала кезінен мүгедектерге айлық есептік көрсеткіштің 1,5 мөлшерінде, аудандық білім бөлімі тарапынан ай сайынғы берілген тізімдерге сәйкес үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай материалдық көмек көрсетілсін.
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланғанна кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелсін.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы хатшысы
Ғ. Жүзбаев Ж. Құлманов