Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 29 шілдедегі № 78 "Қарғалы аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 28 сәуірде N 3-6-65 болып тіркелген аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 18 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 61 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 қазандағы № 233 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қарашада № 3-6-111 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 313 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2011.09.27 № 313 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық мәслихаттың «Қарғалы аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 28 сәуірде № 3-6-65 болып тіркелген аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 18 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 61 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 шілдедегі № 78 шешімінің (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3-6-65 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 13 мамырда «Қарғалы» газетінің № 21-22 жарияланған) 1 пункті жаңа редакцияда баяндалсын:
      Қарғалы аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 61 шешімінің (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3-6-65 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 13 мамырда «Қарғалы» газетінің № 21-22 жарияланған) 2 тармақтағы «көгілдір отынмен» деген сөздерден кейін «үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай материалдық көмек көрсету үшін» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                Аудандық мәслихат
      сессия төрағасы                        хатшысы

      С.Алмағамбетов                       Ж.Құлманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады