Ескерту. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2012.10.12 № 04-243 Хатымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» № 2464 Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 4 ақпандағы «2011 жылғы 3 сәуірдегі тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі сайлау іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы» № 16-22 Қаулысына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Ауылдық округінің әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін ақпараттық стендтермен және тақталармен жарақтандырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының жетекшісі Б.Құловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушысы: Б.Елеусінова
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы "25" ақпандағы
№ 69 қаулысына Қосымша
Қобда ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын
орналастыруға арналған орындар
Тізімі
№ |
Ауылдық округтардың атауы |
Стендтер орналастырылатын орын |
---|---|---|
1 |
Ақырап |
Ақырап ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының алдында |
2 |
Бегалы |
Калиновка орта мектеп ғимараттарының алдында |
3 |
Бестау |
Ауылдық клуб ғимаратының алдында |
4 |
Бұлақ |
Әлия ауылы- балабақша ғимаратының алдында |
Талдысай ауылы- орта мектеп ғимаратының алдында |
||
Бұлақ ауылы – ауылдық клуб ғимаратының алдында |
||
5 |
Білтабанов ат. |
Білтабанов ат. ауылы-ауылдық мәдениет үйінің алдында |
Білтабанов ат. ауылдық округ ғимаратының алдында |
||
Қосөткел ауылы – ауылдық клуб ғимараттарының алдында |
||
Байтақ ауылы – бастауыш мектеп ғимаратының алдында |
||
6 |
Жарық |
Жарық ауылы- ауылдық округ ғимаратының алдында |
Ортақ ауылы – Мектеп ғимаратының алдында |
||
Қанай ауылы – Мектеп ғимаратының алдында |
||
7 |
Жарсай |
Жарсай ауылы - ауылдық округ ғимаратының алдында |
Қарағанды ауылы – ауылдық клуб ғимаратының алдында |
||
Ақсай ауылы- «Өтепберген» ЖШС ғимаратының алдында |
||
8 |
Жиренқопа |
Жиренқопа ауылы - ауылдық округ әкімшілік ғимаратының алдында |
Ауылдық клуб ғимаратының алдында |
||
Ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының алдында |
||
Тентекқара ауылы- негізгі мектеп ғимаратының алдында |
||
9 |
Жаңаталап |
Ауылдық округ ғимаратына алдында |
10 |
Исатай |
Ауылдық округ ғимаратына алдында |
11 |
Қобда |
Мәдениет үйі ғимаратының алдында |
Орыс орта мектеп ғимаратының алдында |
||
Аудандық орталық аурухана ғимаратының алдында |
||
12 |
Құрсай |
Құрсай ауылдық дәрігерлік амбулаториясының алдында |
13 |
Қызылжар |
Қызылжар ауылдық округ ғимаратының алдында |
Қаракемер ауылдық клубының алдында |
||
14 |
Құрманов ат. |
Егіндібұлақ ауылында «Жастар үйі» ғимаратының алдында |
Бегалы ауылында фельдшерлік пункт ғимаратының алдында |
||
15 |
Өтек |
Ауылдық клуб ғимаратының алдында |
16 |
Сарбұлақ |
Ауылдық клуб ғимаратының алдында |
17 |
Сөгәлі |
Көк үй ауылы – орта мектеп ғимаратының алдында |
Көк үй ауылы – ауылдық клуб ғимаратының алдында |
||
Көк үй ауылы – Ауылдық округ әкімшілігінің ғимаратының алдында |
||
Сөгәлі ауылы - негізгі мектеп ғимаратының алдында |
||
Қоғалы ауылы- негізгі мектеп ғимаратының алдында |
||
18 |
Терісаққан |
Терісаққан ауылы әкімшілік-аумақтық бірлігінің әкімі аппараты ғимаратының алдында |