Қобда ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 64 қаулысы. Ақтөбе облысы Қобда ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 наурызда № 3-7-104 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімінің аппаратының 2012 жылғы 19 наурыздағы № 340 хатымен; Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімінің аппаратының 19.03.2012 № 340 хатымен; Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 27.03.2013 № 53 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы, 7 бабының 5-25-3 тармақтарының «Халықты жұмыспен қамту туралы» және Қазақстан Республикасының Заңының 1113 баптарын 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның кәсiпорындарында және ұйымдарында мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемiнде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
      2. Аудандағы мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің бастығына (Ж. Ерғалиев) және келісім бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына жүктелсін.
      3. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 41 «Қобда ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орнының үлесін белгілеу туралы» қаулысы (№ 3-7-83 нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-7-87 номерімен тіркелген. 2010 жылдың 4 наурызында № 14 «Қобда» газетінде ресми жарияланған» күші жойылсын деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуының бақылауын аудан әкімінің орынбасары Б. Елеусиноваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi                      Л.Исмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады