Ескерту. Шешімнің атауына өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2012.12.20 № 59 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Қазақстан Республикасының бюджет Кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қобда ауданының туберкулез ауруымен амбулаториялық емделуде жүрген азаматтарына жергілікті бюджеттен ай сайын үш мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Ескерту. 1 тармағына өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2012.12.20 № 59 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. "Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің орындалуын қамтамасыз етеді.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат сессиясының төрайымы |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Д.Жиенбекова | Л.Исмағамбетова |