Ескерту. Деректемелерінде орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 28.02.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бұлақ ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 27 мамырдағы № 4 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Сөгәлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 28.02.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Көк үй ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
1) Амангелді Иманов көшесі;
2) Алия Молдағұлова көшесі.
2. Сөгәлі ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
1) Абат-Байтақ көшесі;
2) Абай Құнанбаев көшесі.
3. Қоғалы ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
1) Қобыланды батыр көшесі;
2) Исатай Тайманов көшесі.
4. Көк үй ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
1) Тульская тұйығы – Жастар тұйығы;
2) Советская көшесі – Бейбітшілік көшесі;
3) Октябрьская көшесі – Абай Құнанбаев көшесі;
4) Пушкина көшесі – Астана көшесі;
5) Ленин көшесі – Сәкен Сейфуллин көшесі;
6) Садовая көшесі – Абылай хан көшесі.
5. Сөгәлі ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
1) Восточный көшесі – Жаңа құрылыс көшесі.
6. Қоғалы ауылының келесі көшесінің атауы өзгертілсін:
1) Дружба көшесі – Достық көшесі.
7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Қ.Мынбаев |