Қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 405 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 10 қарашада № 3-9-154 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 236 қаулысымен

      Қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 30.06.2016 № 236 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2012.10.31 № 440 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) және 14-1) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік түріне қарамастан Мұғалжар ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайызы көлемінде квота белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2012.10.31 № 440 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Қалалар мен ауыл әкімдері бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету және оларды тұрғылықты мекен жайына қарай мекемелермен кәсіпорындарға жұмысқа орналастыруға ықпал етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Аққұлға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мұғалжар ауданының әкімі С. Шаңғұтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады