Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Бородин селолық округ әкімінің 24.03.2011 № 2 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынысы бойынша село әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Бородин село округінің аумағында орналасқан «Игібай» мал базында ірі қара малдар арасынан қарасан ауруының тіркелуіне байланысты карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Бородин селолық округінің мал дәрігері /М.Танжанов/ аурудың таралмауын және оны жоюдың шараларын алсын:
1). мал базына мал тұрған қоршаулармен қораларда залалсыздандыру жұмыстары ұйымдастырылсын;
2). «Игібай» мал базында ірі қара малды және қойды шығару, сою, сату, мал айырбастау, жем шөпті және басқа мал азығың сыртқа шығару уақытша тоқтатылсын.
3. «Темір аудандық ішкі істер бөлімі ММ» /А.Е.Даулетов, келісімі бойынша/ ауыл шаруашылығы малдарының орын ауыстыруына бақылауды күшейтсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бородин селолық округінің әкімі А.Құспановқа жүктелсін.
5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бородин селолық
округінің әкімі А. Құспанов