Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2012.03.02 № 35 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20 баптары негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысын орындау мақсатында Ойыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ойыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында есепте тұрған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
2. Берілген қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясының негізгі және резервтік құрамы бекітілсін.
3. Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңінде «Ойыл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Ж.Қамбаров) шақыру учаскесін медициналық кадрлармен қамтамасыз ету;
«Ойыл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (С.Аисов) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылау үшін учаскелік полиция қызметшілеріне қосымша жүктеме беру ұсынылсын.
4. «Ойыл аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» (Ш.Қарабалина), «Ойыл аудандық қаржы бөлімі» (М.Сембі) мемлекеттік мекемелері әскерге шақыруға байланысты іс-шаралардың жоспарланған бюджеттік қаржы шегінде қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қазыбаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: А.Амиргалиев
Ойыл аудандық әкімдігінің 2011 жылғы
31 наурыздағы № 97 қаулысымен бекітілген
2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының негізгі құрамы.
Елубаев Марат - «Ойыл ауданының қорғаныс
Кожабекұлы істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесенінің
бастығы, комиссия төрағасы»
(келісім бойынша)
Текебаева Сәуле - Ойыл аудандық орталық
Ақмырзақызы ауруханасының жасөспірімдер
дәрігерінің мейірбикесі,
комиссия хатшысы.
(келісім бойынша)
Бюрин Әділбек - аудандық ішкі істер бөлімі
Кенжебайұлы бастығының орынбасары,
комиссия мүшесі
(келісім бойынша)
Аралова Назира - Ойыл аудандық орталық
Әбдигалиевна ауруханасының дәрігері,
комиссия мүшесі
(келісім бойынша)
Қазмұханов Молдашқали – Ойыл ауданы әкімінің
аппаратының төтенше жағдайлар
жөніндегі бас маманы, комиссия
мүшесі
2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының резервтік құрамы.
Мағауин Бижан - Ойыл ауданының қорғаныс істері
Жұмабайұлы жөніндегі бөлімінің
келісім-шарт бойынша әскерге
шақыру және жинақтау
бөлімшесінің бастығы, комиссия
төрағасы (келісім бойынша)
Ахметкереева Алтынгул - Ойыл ауданының орталық
Ахметкереевна ауруханасының жасөспірімдер
дәрігерінің мейірбикесі,
комиссия хатшысы.
(келісім бойынша)
Күмісқалиев Талғат - аудандық ішкі істер бөлімі
Жолдасұлы бастығының орынбасары,
комиссия мүшесі
(келісім бойынша)
Досова Күләнда - Ойыл ауданының орталық
Көшелекқызы ауруханасының емхана
менгерушісі, комиссия мүшесі
(келісім бойынша)
Тыныштыбаев Нұрдаулет - «Ойыл ауданы әкімінің
Тыныштыбайұлы аппараты» мемлекеттік
мекемесінің заңгер бас
маманы, комиссия мүшесі.